1. Науқасқа болжам диагноз қойыңыз



страница1/12
Дата24.05.2018
Размер0.56 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




ҚАЗАҚША

3.1 Науқас төбелесу барысында басынан доғал затпен соққы алды. Жарақат алған сәті есінде жоқ. Қарағанда: ұйқышыл, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді, сәл бозғылт, тамыр соғысы 62 мин. Бастың төбе бөлімінде 8х15 см көлемінде жара анықталады. Жара аймағында қан кету бар. Сол жақ мұрын ерін қатпары тегістелген, тіл сәл солға солға қисайған, оң жақ көз қарашығы сол жағына қарағанда сәл кеңейген.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Д: Бассүйек- мидың ашық жарақаты, Негізгі мидың зақымдалуы

Дәрігердің тактикасы:


Бастың соғылуы кезінде оқиға болған жерде қан тоқтатқыш ‘Гиппократ тақиясын” немесе “тұмақ” таңғышын салып науқасты травматологиялық бөлімшеге шұғыл түрде жеткізу қажет.

Жабық, ашық және қосарласқан бассүйек — ми жарақатында жедел жәрдемді оқиға болған жерден бастап көрсетеді. Ашық және енген жарақаттарды гемостатикалық губкамен жауып, асептикалық таңғыш саламыз. Науқасты травматологиялық бөлімшеге жеткізу қажет. Егер науқастың есі анық болса зембілмен жастықсыз арқасына жатқызып тасымалдау керек. Егер есі болмаса құсықпен аспирация болмас үшін науқастың басын бір бүйіріне қаратып тасымалдау қажет.



БМЖ кезіндегі реанимациялық шараларды ауруханаға дейін бастау керек. Ол жарақат әсерінен болған өмірге қажетті мүшелердің қызметінің бұзылыстарын қалпына келтіруге бағытталады. Онда тыныс жолдарының бітелуі, қан жоғалту және гемодинамикалық ауыр бұзылыстардың әсерінен болған ми ишемиясы мен гипоксиясының алдын алу қажет. Газ алмасуды қалпына келтіру үшін тыныс жолдарын тазалап, ауа өткізгіш түтікшелер қою немесе жасанды тыныс беру қажет.


3.2Жас жігіт оң ұртында пайда болған күрт ауырсынуға шағымданды. Айтуы бойынша бир апта бұрын ұртында қызару, кейін ісіну пайда болған. Ісініп тұрған жараны түйрегішпен тескен, онда аз мөлшерде ірің шыққан. Қарағанда: дене қызуы 39,6 ° С, оң ұртында ортасында іріңді сарғыш өзегі бар 2x2 көлеміндегі инфильтрат анықталады, пальпацияда ауырсыну бар.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница