1. Науқасқа болжам диагноз қойыңыз


Диагноз: Жедел ішек өтімсіздігі Жедел көмек



страница7/12
Дата24.05.2018
Размер0.56 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Диагноз: Жедел ішек өтімсіздігі

Жедел көмек: өткір өткізбеушілік жылы СМП негізгі мақсаты - аурухананың хирургиялық бөліміне науқастың жедел ауруханаға жатқызу. Біз, веноздық қол жеткізуін қамтамасыз ету науқастың өмірлік функцияларды бақылауға және obschereanimatsionnymi принциптеріне сәйкес оларды ұстап тұру үшін қажет. - 400 мл, 5% глюкоза ерітіндісі - 400 мл натрий хлориді 0,9%: көлік / тамшылатып барысында.


3.37 Науқас 68 жаста, өт-тас ауруымен ауырады, емдәм бұзылуына байланысты іштің жоғарғы бөлігінің кенеттен пайда болған ауырсынуы,арқаға таралады, өтпен көп бөлінетін құсу, гипертермия 37,6-ға дейін, қалтырау. Но-шпа қабылдағаннан кейін ауырсыну басылған. 1 тәуліктен кейін терінің сарғаюы пайда болған, іштің ауырсынуы сақталған.

Обьект ивті: Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі және көз склерасы сарғайған. Пульс минутына 90рет. АҚҚ 120\80 мм сн.бн. Тілі ылғалды, ақ жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, керілген, эпигастрий аймағының ауырсынуы. Перитониальды симптомдары жоқ. Өт қабы пальпацияланбайды. Лейкоциттер 10,2*10\л, қандағы биллирубин 60мкмоль\л. Зәр диастазасы- 1024 ЕБ.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз: жедел холецистит. Механикалық сарғаю (холедохолитиаз) Көмек алгоритмі: a) Ауырсыну сезімін басу (блокада, спазмолитиктер, анальгетиктер) b) ЖМЖБ арқылы тасымалдау c) Оперативті көмек: холецистоэктомия, холедохолитотомия




3.38 Науқас 48 жаста, ауырғаннан кейін 4 сағаттан соң ауруханаға түскен. Ауруы жедел басталған, эпигастрий аймағының жедел ауырсынуы,бір рет құсу болған, үлкен дәрет болмаған.Ұстама кезінен бастап іштің кебуі басылмаған.Қараған кезде іштің оң жақ бөлігінің ауырсыну, көбіне оң жақ мықын аймағында. Физикалық зерттеуде іштің кернеуі, оң жақ мықын аймағында тітіркену симптомы оң мәнді.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз: Жедел аппендицит

Науқасқа жедел түрде ооперативті көмек көрсету


3.39 Науқас 32 жаста, ауруының 4 күні ауруханаға түскен.Оң жақ мықын аймағында ауырсыну, жүрек айну пайда болған.Дәрігерге қаралмаған, анальгетик қабылдаған, ауырсыну басылған.Оң жақ мықын аймағында тығыз жылжымайтын түзіліс анықталады, көлемі 18*12см, мықын сүйегінің қырына жабысып тұр,пальпацияда ауырсынады.Іші жұмсақ, құрсақтың тітіркену симптомы теріс мәнді,дене қызуы 37,8С жоғарылаған.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Болжам диагноз- оң жақ Аналық без обыры

Міндетті тексеру:

· ректо-вагинал зерттеу

· кіші жамбас мүшелерін УДЗ

· асқазан мен ішекті рентгенологиялық зерттеу

Қосымша тексеру:

· диагностикалық лапароскопия

· құрсақ қуысының обзорлы рентгенографиясы

· пневмопельвиография

· СА-125

· КТ


2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз. Негізгі ем әдісі болып

хирургиялық табылады. Аналық бездің қатерлі ісігі болған кезде жатырдың

қынапүсті ампутациясы немесе жатыр экстирпациясы жатырды, қосалқыларымен,

үлкен сальникті біруақытта алып тасталынады. Жатырды толығымен алып тастау

жатыр мойнының қынапты бөлігіне қосымша процесстер енген кезде

жасалынады.

Жатыр қосалқыларын екі жақты алып тастау ерте ме кеш пе процесс екі аналық безі зақымданғанда болады. Аналық безі обырының метастаз беруінің негізгі көзі болғандықтан сальник резекциясы міндетті түрде жасалынады. Хирургиялық ота кезінде экспресс-биопсия міндетті және негізгі болып табылады, өйткені ісіктің құрылымы мен сипаты жайлы нақты ақпарат береді. Аналық без обырын емдеуде химиотерапияда маңызды рөл атқарады және оперативті еммен бірге жүргізіледі. Аналық без обыры кезінде жиі платиналар, циклофосфан, таксол, метотрексат, лофенал, фторурацил және басқа да цитостатикалық препараттар қолданылады. Препараттарды таңдай кезінде келесі факторларды ескеру қажет: · Науқастың жалпы жағдайы. · Қантүзу жүйесінің жағдайы. · Дене салмағы. · Асциттің болуы. · Ісіктің гистологиялық түрі және әртүрлі препараттарға оның сезімталдығы. Гормоналды терапия қосымша мағыналы болады. Науқастар менопаузадан кейін тестостерон пропионат қабылдайды күніне 50 мг бұлшықет ішіне 2 ай бойы, содан кейін тілдің астына метилтестостерон күніне 30 мг, біртіндеп мөлшерін 10 мг дейін түсіреді.


3.40 Науқас 52 жаста,ішінің бар бөлігінің ауырсынуына,іштің кебуіне, жүрек айнуына,көп реттік құсуға шағымданып ауруханаға түсті.Ауырғанына 3 күн болған, ауырсыну оң жақ мықын аймағынан басталған.Дәрігерге қаралмаған,грелка қойған,1 тәуліктен соң ауырсыну іштің барлық аймағына таралған.Терісі бозғылт, дене қызуы 38,7С жоғарылаған,пульс минутына 128рет,АҚҚ 100\60мм сн.бн. Тілі құрғақ,қоңыр жабындымен қапталған.Іштің барлық аймағының кернелуі, пальпацияда барлық аймағында ауырсыну.Щеткин-Блюмберг симптомы және Воскресенский симптомы оң мәнді.Ішек перисталтикасы естілмейді.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз..

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

Жедел аппендицит жайылған перитонитпен бірге

Немесе


Негізгі ауру Жедел аппендицит

Негізгі аурудың асқынуы Перитонит

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.. жедел аппендицит және

жедел перитонит диагнозына күдік болған кезеде жедел түрде хирургиялық

бөлңмшеге госпитализация болу керек. Бұндай науқастарға антибактеиалды және

наркотикалық дәрі жіберу қатаң түрде қарсы көрсеткіш болып табылады, себебі

бұл дәрңлер стационарда диагнозды дәлелдеуде қиындық

тұдырады.транспортировкасақтау қажет(ішке мұз басу)




3.41 Жеңіл дәрежелі фосфорорганикалқ заттармен уланулардан кейін зардап шегуші есін жоғалтпаған, тек мазалайтын бас ауруы, әлсіздік, қорқыныш, жүрек айнуы. Қандай белгі айтылмады деп ойлайсын.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз. фосфорорганикалқ заттармен улану 2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз. Ішке қабылдаған кезде: калий перманганатының ертіндісімен зонд арқылы асқазанды шаю (1:5000), 0,1-0,2% күкірт қышқыл сынап ертіндісімен шаяды( фосфорлы сынаптан пленка түзіледі, ол фосфордың бір бөлігін жауып жатады, оның күйдіретін нәтижесін ескеру керек). Бумен тыныс алған кезде — симптомды ем жүргізеді. Теріге түскен кезде: зақымдалған терінің аймағын сол сәтте сумен шаю керек. Немесе зақымдалған қолды күкірт қышқылды магнезидің 5% ертіндісіне салып қою керек, содан кейін фосфордың барлық бөлшектерін марлыдан жасалған тампонмен немесе пинцетпен алып тастау керек. Сонымен қатар 3 % сірке сутегінде қолдануға болады. Зақымдалған аймақтың дымдануы басылғанша қолды ертіндіде ұстау керек. Осы жерді қараңғыда қарау керек, сосын жанып тұрған аймақтарды пинцетпен алып тастаукерек. Сосын калий перманганат ертіндісіне (1:1000) салынған ылғалды байламды салып қою керек. Майлы байламдар көрсетілмейді. Май, сүт, жұмыртқа, қызыл май көрсетілмеген (удың еруіне және сіңуіне әсер етеді). - Симптомды ем - Гемодиализ




3.42 Науқас 58 жаста, кенеттен бүйрек шаншу ұстамасы пайда болған.

Біраз уақыт өткен соң макрогематурия пайда болды. Жағдайы орта ауырлықта. Өкпе мен жүректе патология жоқ.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.Несеп тас ауруы

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

госпитализациия;

• Ауырсынуды басу үшін 5 мл баралгин в/в, теріастына — 1 мл 0,1% атропина

ерітіндісі 1 мл 1% промедол, платифиллина ерітіндісі ;

•Бел айма5ына жылу басу(грелку, озокерит).


3.43 Аспаз үстіне қайнап тұрған ботқаны төгіп алды. Ауырсынудан айқайлап жатыр, тынымсыз, қозу байқалады,Шалбарында тізеден бастап өкшесіне дейін және аяқ терілерінде, қол саусақтарында және

сол жақ білегінде ботқа жабысып қалған. Денесінің бос жерлерінің терісі қызарған, ісінген, мөлдір сұйықтықты күлдіреуіктер көрінеде.

Жарылған күлдіреуіктер – аұшыл қызыл түсті, жылтырап тұр, аурсыну бар; кейбір жерлерде ақ түсті, құрғақ.

АД 110/75 мм. сын. бағ. , пульс 86 соққы мин., ырғақты.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз: Күйік 2 дәрежесі

Алғашқы көмек:

1. Күйген жерлерді салқындату керек. Күйдіргіш агенттің әсерін жойғанмен, тіндердің зақымдануы жалғаса береді. Бұл құбылыс күйген тіндердің өзінің қызуынан болады.




.44 50 жасар науқас 6 ай бұрын төс артының төменгі үштен бір бөлігіндегі ауырсынуға, тамақ ішкен соң пайда болуына және өңештегі қыжылға шағымданады. Кейде дисфагия белгілері болып тұрады.

Объективті: мойны дұрыс формалы,пальпацияда ауырсынады. Төсі өзгеріссіз. Эпигастральді аймақ қалыпты формалы, ауырсынбайды. Эзофагоскопияда өңештің сол жақ қабырғасының 3 х 4 см көлемде шығып тұрғандығы анықталады, шырышты қабаты өзгеріссіз. Науқас бұрын емделмеген, алғаш рет дәрігерге қаралып тұр.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз:

Өңеш дивертикулы.

Емі :


Егер дивертикул асқынған және оның размері 10 см асатын болса онда дивертикулэктомия жасалынады.

Консервативті 1

1, Диета – өте ыстық және суық сусындар, қатты , Ашшы, тағамдарды шектеу

2, Облипиховой және өсімдік майларын ішіу

3 , Атропин 0,1%-1мл

4,Антацид – маолокс




3.45 46 жасар әйел, 20 жыл бұрын іштің ақ сызығының жарығы бойынша операция жасалған, 15 жыл бұрын жарық рецидив берген. Қазіргі кезде вертикальді қалыпта 10 х 8 см шығу байқалады, іш қуысына салынбайды. Іш қату жиі болып тұрады. Қайта операция жасау жоспарланған, бірақ науқас бас тартқан. Жарық қапасы диаметрі 5 -7 см.Бүгін ауа райының бұзылуына, атмосфералық қысымның төмендеуінге байланысты жарыта ауырсыну пайда болған. Ауырсыну үздіксіз, жүргенде, әсіресе физикалық жүктемеден соң күшейеді.Объективті: Тілі ылғал. Пульс 88 в минуту, ритмді. АҚҚ – 130/80 мм.рт.ст. Жүрек айну, құсу жоқ.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

. Эталон. Диагноз: Іш ақ сызығының үздіксіз рецидивті жарығы. Копростаз? Дополнительно провести: Обзорная рентгенография брюшной полости, УЗИ




3.46 24 жасар азамат жалпы әлсіздік, кофе қойыртпағы тәріздес құсық шағымынан бір күннен соң дәрігерге қаралды.Өзін әскерден бері ауру санайды, көктем, күз мезгілдерінде эпигастрий аймағында аш қарынға ауырсыну пайда болған. Өзі ем жасаған. Жағдайы оңғы екі аптада нашарлай бастаған, эписгастрий аймағындағы ауырсыну алмагель қабылдаған соң басылған. Екі күн бұрын мелена тәрізді нәжісті байқаған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері және шырышты қабаты ақшыл – күлгін түсті, пульс 96 в минуту, ритмді. АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Іші ұлғаймаған, пальпацияда эпигастрий аймағында аздаған ауырсыну. Перистальтика сақталған, улкен дәреті қара түсті. Қанда: Эр 3,5 х 10/л, Нв – 100 г/л.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

1. Қан кетумен асқынған асқазан және он екі елі ішек жара ауруы.

2. – су мен тағам қабылдауды толығымен тоқтату

-- ішке мұз басу

-- қатаң төсектік тәртіп

-- антацидтерді алмагель, тромбомбостатикалық заттарды 250бірлік.тромбинді 50мл суға 10-20мин ішінде ішу

-- ауруханаға зембілге жатқызып тасымалдау


3.47 40 жасар науқас іштің ұстама тәрізді ауырсынуына, көп құсуға, ішінің қатуына, жел шықпауына шағымданған. Түскент кездегі диагнозы «Іштің жабысқағы» , консервативті ем жүргізілген. 2 литр көлемде инфузионды терапия, спазмолитиктермен емдеген, асқазан декомпрессиясы, тазалау клизмасы қойылған. Одан соң жағдайы жақсара бастаған, ауырсыну азайған, 2 рет үлкен дәрет болған. 1 жыл бұрын 2 операция жасалған, жедел аппедицитке және ішек өтімсіздігімен байланысты. Мұндай ауырсыну ұстамалары 3 – 4 айда 1 рет қайталанып тұрады.Объективті: тәбетінің төмендеуі, тері және склера қалыпты түсті, пульс 78 минутын. Тілі ылғалды. Іші ұлғаймаған, жұмсақ, ауырсынусыз. Перитонельды симптомдар жоқ, шолпыл шуы анықталмайды, перистальтика анықталады, жел өз еркімен шығады.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Ішкі қуыстарының жабысқақ ауруы,рецидивті сатысы.

Консервативті емі.

1.Диета.

2.Физиотерапия.

3.Гидрокартизон.

4.Лидаза.

5.Антигистаминді препараттар.

Хирургиялық ем

14.Әйел 35 жаста, жыбыр аритмиясы бар митральді жүрек ақауымен




3.48 Әйел 35 жаста, жыбыр аритмиясы бар митральді жүрек ақауымен ауырады, бірденнен оң қолында қатты ауырсыну байқалған. Үйінде 1 сағаттан кейін қаралынған. Объективті: оң қолы саусақтары мен иығында бозару мен сипағанда салқындық байқалады. Қолдың осы аймақтарын пальпациялағанда кенеттен ауырсыну, бұлшықеттері шамалы тырысады. Оң қол саусақтарының белсенді қозғалысы көлемде азайған, толық көлемде енжар қозғалыс байқалады. Тактиьді және ауырсыну сезімдері бірден төмендеген. Оң қолдың магистральді артериясының пульсациясы тек қолтық асты артериясы деңгейінде ғана анықталады, дистальді ол анықталмайды.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз:

Митарлді жүрек ақауы. Жыбыр аритмиясы. Асқынуы – оң жақ қолтық асты артериясының эмболиясы. өткір ишемиялық саты

Емі:


Жедел операция Эмболэктомия


3.49 Науқас К 60жаста. Стационардың қабылдау бөліміне шұғыл түрде жеткізілді. 10-12 сағат бұрын кенеттен ауырып қалған, іштің сол жақ жартысында ауырсыну байқалған, ол өрши түскен және толғақ тәрізденген, ол тұрып қалған қосындылармен 3 рет құсқан, газ шықпайды. Бұрын мұндай ауырсыну болмаған, бірақ соңғы жылдары іш қатуға бейім болған. Іш өткізетін дәрілер қабылдаған. Амбулаторлы зерттелмеген.

Объективті: Тері жабындылары қалыпты түсті, тілі ақ жабындымен қапталған, ылғалды.Пульс 98 рет минутына, ритмді. Өкпелерінде дем алуы еркін, сырылдар жоқ. Іші бірқалыпты іскен, тыныс алу актісіне қатысады. Пальпацияда жұмсақ, іштің төменгі аймақтарында байқалатын ауырсыну.Перкусияда жуан ішек бойымен байқалатын тимпанит, перистальтикасы естіледі, әлсіз, шалпыл шумы анықталады. Сол мықын аймағында және қынаптан жоғары әлсіз перитониальді симптомдар анықталады. Саусақпен ректальді зерттеген кезде ампула бос, нәжіс іздері қалыпты түсте. Қан анализінде: Лейкоциттер:16,2×10/л, эр-3,4×10/л, ЭТЖ 24мм/сағ.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

ДИАГНОЗ: жедел тоқ ішек өтімсіздігі , тоқ ішектің ректосигмоитдық бөлігінің обтурациясы

Емдеу тактикасы:

инфузиялық-спазмолитикалық терапия

терапевтік колоноскопия

асқазанды жуу

Ішектің сол жақ қабырғасының қатерлі ісігі кезінде, терминалды колостомиямен (мысалы, Гартманн) бастапқы радикалды резекцияны орындау ұсынылады.

лапаротомия




3.50 Науқас 38 жаста.алькоголь колданғаннан кейін пайда болған іштің жоғарғы бөлігінің ауырсынуы, арқаға таралады, көпретті құсу. Жағдайы ауыр. Бет терісі қызарған, құрғақ. Өкпесінде қатаң дыбыс естіледі, сол жағы әлсіреген. Пульс 120рет минутына. АҚ 150/90мм.сын.бағ. Тілі құрғақ жабындымен жабылған. Іш көлемі ұлғайған, тыныс алу актісіне қатысады, жоғары бөліктері шектелген, эпигастрии аймағында ауырсыну, ригидтілік анықталады және ішпердесінің тітіркену симптомы оң мәнді. Перистальтикасы жоқ. Дәреті болмаған. Ультрасонографияда ұйқы безінің көлемінің ұлғайғандығы, контуры біртегіс емес,ошақпен жоғарғы шағылу анықталады. Без қапшығында аз ғана сұйықтық. Өт қапшығы өзгермеген. Холедох қалыпты көлемде. Іш қуысында бос сұйықтық анықталады.

1.Диагноз қойыңыз.

2. Жедел көмек көрсетіңіз.

1. Жедел деструктивті панкреатит (панкреонекроз). ферметативті перитонит

Ақазанды зонд арқылы жуу ,

1. 10кг /1 таблеткадан белсендірілген көмір

2. Құсуы тоқтамайтын болса церукал 5% 2 мл б/етке

3. Қан қысымын төмендетуге каптоприл 1 тб тіл астына

4. Науқасты қатаң түрде арқасымен жату қалпында зеңбілмен аурухананың хирургиялық бөлімшесіне тасымалдау .


3.51 Науқас 16 жаста ауруханаға жеткізілген.Жол апатынан кейін 3 сағаттан соң тез дамыған әлсіздікке, бас айналуға, оң жақ бел аймағы, іштің оң жақ бөлігінің ауырсынуына шағымданады.

Науқасты қарағанда жағдайы ауыр,терісі бозғылт, пульс 110 рет мин жоғарылаған.АҚҚ 90\60 мм сн.бн. Бел аймағының терісінде көбіне оң жақ аймағында көптеген сызаттар байқалады.Визуальды және пальпаторлы қарағанда өршіген ісіну,қабырға астымен түсіп, оң бүйірлік өзекке барады, оң жақ бұлшықеттің айқын кернеуі.Іштің сол жақ бөлігі қалыпты, ауырсынусыз. Пастернацкий симптомы оң мәнді. Зәр шығару кезінде зәрі қанмен боялған, ұйыған бөлінділермен. ЖҚА- анемия, эритроциттер 3*1012\л.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз: Оң бүйректің бөлінуі, жыртылуы немесе жарылуы. Оң жақ бүйрек травмасына байланысты макрогематурия белгілерінің болуы.

Источником кровотечения (макрогематурии) является травмированная правая почка. Классификация данного вида травмы: Отрыв, надрыв или разрыв правой почки.

1. Для уточнения диагноза необходимо провести: Общеклинические лабораторные методы, исследование мочи, УЗИ МПС, диагностическая лапароскопия, КТ правой почки. Метод лечения – только оперативный, оценка повреждения почки, ушивание, либо резекции ее в зависимости от вида травмы и степени повреждения.




3.52 Әйел 45 жаста,ұзақ уақыт бойы бел аймағының ауырсынуы байқалған, көбіне оң жақта. Жүктемеден кейін және жүрген кезде күшейетін ауырсыну. Остеохондрозбен невропатологта емделген. Кеше серуендеуден кейін,бел аймағының ауырсынуы күшейген, іштің төменгі бөлігіне таралады.Науқас 2 таблетка анальгинді қабылдаған,ауырсыну басылған бірақ зәрде қан пайда болған.Бүгін таңертең зәрі таза болған,дәрігерге көрінген.Зәр анализінде протеинурия (ақуыз 0,15 г\л), лейкоцитурия 8-12 лейкоцит көру аймағында,микрогематурия эритроциттер 60 көру аймағында.

Шолу рентгенограммасында құрсақ қуысының проекциясында оң жақ бүйректің контрасты көлеңкесі, көлемі 2,5*2 см.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз: Бүйректік колика , Гематурия Ж/к , төсектік режим Ауырсынуды басу Таңдау препарат: Метамизол натрий(баралгин , ревалгин)2мл в/в 1мин жылдамдықпен 1млден . Кеторолак в/в 30мг Дротаверин в/в 40-80мг Пульс ,АҚ қадағалау Тасымалдау




3.53 Науқас К.40 жаста, оң жақ мықын аймағының ауырсынуына шағымданады.Ауырғанына 8 сағат болған,эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болған, кейін оң жақ мықын аймағына ауысқан.Үлкен дәреті қалыпты. Зәр шығаруы бұзылмаған. Дене қызуы 37,2 С жоғарылаған.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз :Жедел аппендицит

Жедел көмек: зембілмен жедел түрде тасымалдау


3.54 Науқас 62 жаста, ауру басталғанына 4 тәуліктен соң хирургиялық бөлімге түсті. Оң жақ мықын аймағының аз ғана ауырсынуына,дене қызуының 37,6С-қа жоғарлауына шағымданады.Анамнезінен: 4 күн бұрын оң жақ мықын аймағында ұстама тәрізді ауырсыну болған.

Обьективті: тілі ылғалды,іші тыныс алуға қатысады, жұмсақ. Пальпацияда оң жақ мықын аймағында дөңгелек тәрізді түзіліс пайда болған.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз:жедел аппендицит

Аппендикулярлық инфильтрацияның асқынуы

Ж/к зембілмен жедел түрде тасымалдау



3.55 Науқасқа, 7 күн бұрын жедел флегмонозды аппендицитке ота жасалған, дене қызуы жоғарылаған.Ол гектикалық сипаттамамен жүреді.Ота жасалған жара аймағында ауырсыну байқалмайды.Зәр шығарудың соңғы актысында ауырсынуға,жиі дефекацияға баруға шағымданады. Тілі құрғақ, пульс минутына 110рет. Іші тыныс алуға қатысады, пальпацияда жұмсақ,төменгі бөлікте ауырсыну.Құрсақ тітіркену симптомы жоқ.ЖҚА лейкоцитоз18,0-109\л. Жара аймағында қабыну белгісі жоқ.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагноз: Аппендикулярлы абцесс

Ж к зембілмен жедел түрде тасымалдау


3.56Науқас 19 жаста,іштің төменгі аймағының ауырсынуы, жүрек айну,құсу,аузының құрғауы,іштің желденуіне шағымданып,ауруының 2 тәулігінде ауруханаға түскен.Ауру эпигастрий аймағының ауырсынуымен басталған. Ауырсыну оң жақ мықын аймағына ауысқан.Дәрігерге қаралмаған, ауырсыну іштің төменгі аймағына таралған, күшейген. Жайылмалы перитонитпен асқынған,жедел аппендицитке күдік бар.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.

Диагн:Жедел аппендицит. Жедел аппендицит симптомдар



3.57Науқас Ф.28 жаста,оң жақ шап аймағының қайталамалы ауырсынуына,жүрек айну,жыныс жолдарынан жағылатын қанды бөлінділер, әлсіздікке шағымданып гинекология бөлімшесіне жеткізілді. Анамнезі:етеккірі 13 жастан, ретті, 28 күннен кейін 4-5 күн,ауырсынусыз.Соңғы етеккірі айдың жартысында болған,етеккірдің кідіруі алғаш байқалды.Жыныстық қатынас 22 жастан,1 рет туу және 1 рет медициналық түсік жасатқан,жатыр қосалқыларының қабынуы асқынумен,стационарда емделген. 3жыл аралығында жүктіліктен сақтанбаған.Дені сау.Етіккірінің кідіруіне байланысты өзін жүкті деп санаған,жүктілік жоспарланған. 2 күн алдын қара қанды бөліністер байқалған,жалпы жағдайы қанағаттанарлық,дәрігерге көрінбеген.Соңғы тәулікте оң жақ шап аймағында қайталанатын ауырсыну мазалаған,түнде күшейген, артқы тесікке таралады,жүрек айну пайда болған. Қанды бөлінділер жалғасуда,күшейген. Обьективті жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,0С. Тері жамылғылары және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты.Пульс минутына 78рет,ритмді, АҚҚ 110\70мм сн.бн. Кеуде қуысы мүшелер жағынан патологиясыз. Алдыңғы құрсақ қабырғасы қысылусыз. Тыныс алуға қатысады. Оң жақ мықын аймағында ауырсыну байқалады. Құрсақ тітіркену симптомы теріс мәнді. Гинекологиялық зерттеу: сыртқы жыныс мүшелері және қынап өзгеріссіз. Айнада: жатыр мойны цилиндр тәрізді,бірнеше көгерулер,сыртқы қойнаудан қара қанды,қара нәжіс тәрізді,аз ғана бөлінділер.Қынаптық: жатыр антефлексияда,кішкене үлкейген, шар тәрізді, жұмсақталған,қозғалмалы, ауырсынусыз.Сол жақ қосалқысы өзгеріссіз.Оң жақ жатырдан үлкейген және ауырсынумен қосалқы анықталады, реторто тәрізді түрі. Пальпацияда артқы қойнауы ауырсынусыз. Қынап қойнауы терең.

1.Науқасқа болжам диагноз қойыңыз.

2.Алғашқы медициналық көмек алгоритмін құрыңыз.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница