Аурухана ішілік инфекциялар. Аіи қоздырғыштарының этиологиясы,биологиялық қасиеттері,аіи микробиологиялық диагностика принциптері


Шартты патогенді микрофлоралардың



страница4/4
Дата17.01.2019
Размер490 b.
1   2   3   4

Шартты патогенді микрофлоралардың ішінде стафилококктар, стрептококктар,көгілдір іріңді таяқшалар.бактериялар (ішек таяқшасы,протей,сальмонелла және т.б). Аурухана ішінде саңырауқұлақ инфекциясын,АҚТҚ(ВИЧ) инфекциясын жұқтыру сирек болсада кездесетін жайттер.



Аурухана ішіндегі инфекциялардың жұғу механизмдері:

  • Аэрозольдық

  • Қатынас

  • Фекальді – оральдық

  • Артифициалдық (жасанды)



Аурухана ішіндегі инфекциялардың жұғу жолдары

  • Ауа-тамшылы, ауа-шаңды

  • тікелей қарым-қатынас,

  • тұрмыс заттары арқылы

  • тағамдар арқылы



Инфекцияның тізбесін бұзу – аурухана ішіндегі инфекциялардың алдын - алуының негізгі жолы

Инфекцияның тізбесін бұзу әдістері:
  • Аурухана ішіндегі инфекцияларға тиімді бақылау жүргізу;

  • Инфекцияның қоздырғыштарын жою;

  • Жұғу жолдарын үзу;

  • Адам ағзасының (иммунитетінің) тұрақтылығын көтеру.

Кешенді эпидемиялық шаралары барлық 4 буынға бағытталуға тиіс. Одан басқа медициналық шаралардың кешенін өткізуге қажет: зақымдылықты, медициналық килігуін азайту т.б.

АІИ резервуары

(көзі) болып табылады:
  • персоналдың қолы;

  • ішек,несеп-жыныс жүйесі,мұрын-көмей,тері,шаш,персоналдың да,пациенттің де ауыз қуысы;

  • қоршаған орта: персонал,шаң,су,азық тағамдар;

  • құралдар;

  • аспаптар;

  • дәрілік заттар,т.б.



АІИ-дың пайда болуына әкеліп соқтыратын факторлар:

ағзаның қарсыласу төмендігі;

антибиотикке резистентті (а/б-ге шыдамды) микроағзалар штаммының

таралуы;
  • әлсіреген, қартайған пациенттердің меншікті салмағының артуы;

  • пациент күтімі кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы;

  • емдік-профилактикалық мекемелердің шамадан тыс жүктелуі;

  • құрал-жабдықтардың ескіруі және т.б.



АІИ орналасуына қолайлы жерлер

  • Медициналық мекемелерде қолайлы болып табылатын бұйымдар: резеңкеден жасалған (катетер,дренаж түтіктер), су және антисептиктер қолданылатын аспаптар(дистиллятор,ингалятор,ионизатор,т.б.), жасанды тыныс аппараты, құралдар.

  • Адам ағзасында орналасуына қолайлы болып табылатын жерлер: тері мен жұмсақ тканьдер,зәр шығару жолдары, ауыз қуысы, мұрын-көмей, қынап, ішек.



Қожайынның инфекцияны қабылдағыштығына әсер ететін факторлар  

  • Негізгі факторлар – адамның жасы, қоршаған ортаның жайсыз жағдайлары, ағзаның әлсіз иммундық корғанысы, емдік-диагностикалық емшаралардың көп қолданылуы, емдеу алдын алу мекемелерінде санитарлық эпидемиологиялық тәртіптің бұзылуына байланысты АІИ қоздырғыштарының жиналуы, созылмалы аурулар,асептика және асептика ережелерінің орындалмауы, медициналық аспаптар мен жабдықтарды зарарсыздандыру және залалсыздандыру ережелерінің бұзылуы болып табылады.



АІИ-дың алдын алуда қауіпсіздік және сақтандыру шаралары

  • Аурухана (стационар) қызметкерлерінде ауыстырылып тұратын жұмыс киімдерінің жиынтығы: халаттар, ауыстыратын аяқ киім, күнделікті санитарлық киімдерді ауыстыруды қамтамасыз ететін мөлшерде болуы тиіс. Бұлар жеке кішкене шкафтарда сақталады. Сонымен қатар ластанған кезде шұғыл арада ауыстыруға арналған киім жиынтығы болуы тиіс.

  • Емдеу бөлімшесі мейірбикесінің жинақылығы мен ұқыптылығы мінсіздікпен ерекшеленуі тиіс.Жеке киімі сыртынан жұмыс (санитарлық) киімінің шеті түгелдей жауып тұруы керек. Шаш түгелдей қалпақпен жабылады. Ауыстырылатын аяқ киім зарарсыздандыруға ыңғайлы болуы үшін тоқылмаған материалдан болуы керек.



АІИ-дың алдын алуда қауіпсіздік және сақтандыру шаралары

  • Емдеу мекемесінен тыс жерлерде жұмыс халаты және аяқ киімімен жүруге тыйым салынады.

  • Босанатын және жұқпалы аурулар бөлімшелерінде, оперблоктарда жүретін студенттер ауыстырылатын арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі тиіс.

  • Дәрігерлер, мейірбикелер, акушерлер әрбір пациентті қарар алдында немесе емшараларды орындамас бұрын, сонымен қатар “лас” емшараларды орындағаннан кейін (бөлмені жинау, төсек ауыстыру, әжетханаға бару және т.б.) қолдарын міндетті түрде екі мәрте сабындап жуулары тиіс.  




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница