«Қызмет көрсету саласындағы жарнама» пәні бойынша Жарнаманың мәні, мақсаттары және негізгі қызметтері



страница1/16
Дата12.02.2020
Размер1.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

«Қызмет көрсету саласындағы жарнама» пәні бойынша

1.Жарнаманың мәні, мақсаттары және негізгі қызметтері.

Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Жарнаманың мәні оның қоғамдағы алатын қоғамдық, экономикалық, маркетингтік және коммуникациялық рөліне байланысты.

Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізуінде.

Жарнама сұраныс пен ұсынысты қалыптастыруға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция табуға, өткізу нарығының кеңеюіне, сайып келгенде осыған байланысты жалпы экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл жарнаманың экономикалық рөлін ерекшелейді.

Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы санасында әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан жарнаманың коммуникациялық рөлін байқауға болады.

Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемінің және фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бұл оның маркетингтік рөлін көрсетеді.

Жарнама дегеніміз – қаржыландыру көзі анық көрсетілген, БАҚ арқылы жүзеге асатын, жеке көрсетілмейтін, тауар мен қызметті жылжыту нысаны.

Жарнама аудиторияға екі тәсілмен беріледі:

жарнама беруші жарнаманы өзі дайындап, содан кейін оны басып, БАҚ-қа ұсынады;

жарнама беруші жарнама мақсатын атап көрсетіп, жарнама агенттіктеріне және агенттеріне тапсырыс береді.

Жарнама материалдары көптеген мақсатта қолданылады. Жарнама тек бірмақсатты ғана көздейтін сияқты болып көрінуі мүмкін, бірақ шын мәніндеолай емес. Жарнаманың негізгі мақсаттары мыналардан құралады:

- сатып алушының көңілін аудару;

- сатып алушыға тауар (қызмет) сатып алудың пайдасын көрсету;

- сатып алушыға тауарды қосымша зерттеу мүмкіндігін ұсыну;

- тұтынушыда тауар немесе қызмет туралы білімнің белгілі бір деңгейінқалыптастыру;

- өндіруші фирманың немесе сатып алушының жақсы бейнесін (имидж)жасау, сонымен қатар тұтынушылардың және іскер серіктестердің сауда немесе өндіріс маркасын жасау;

- осы тауар мен қызметке қажеттілік қалыптастыру;

- фирмада жағымды қатынас қалыптастыру;

- сатып алушыға бәсекелес фирмадан емес осы фирманың жарнамаланған тауарын сатып алуын ояту;

- тауар, қызмет сатылымы белсендігін арттыру;

- тауар айналымын жеделдетуге әсер ету;

- бір тұтынушыны тауарды үнемі сатып алушы ету немесе осы фирманың тұрақты клиенті ету;

- басқа фирмаларға сенімді серіктес бейнесін қалыптастыру;

- тұтынушыға фирма туралы және оның тауары туралы ескеру.





Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница