Жедел холецистит



Скачать 83.32 Kb.
Дата16.08.2017
Размер83.32 Kb.
Разместил(а)toya_1993

?

44 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуларға, қайта-қайта құсуларға шағымдарымен клиникаға түсті. Науқас 3 күн бойы ішімдік пайдаланған. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозғылт, құрғақ, дене температурасы 38,6 0 С. Тамыр соғысы минутына 110. АҚ 80/40 мм сын. бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөліктерінде екі жағынан біршама босаңсыған. Тілі өңезделген, құрғақ. Іші қампайған, жұмсақ, эпигастрииде ауырсынулы. Оң Кер, Керте, Воскресенский симптомдары. Науқаста қандай ауру болуы ықтимал?

-Жедел холецистит

+Жедел панкреатит

-Жедел гастрит

-Асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруы

-Бауыр циррозы

?

32 жастағы әйел адам жүрек қағуына, әлсіздік, күйгелектік, тершеңдік, арықтау шағымдарымен жалпы тәжірибе дәрігеріне келді. 1 жылдан аса ауыру. Объективті: әбігер, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, Ромберг кейпінде қалыпты емес. Жүрегі: тахикардия, тамыр соғысы 1 минутта 110, АҚ 150/30, 160/40 мм сын. бағ. Дәреті – іш өтуге бейім. Науқасқа төменде көрсетілген диагноздардан болжамдысын қойыңыз:



-Нейроциркуляторлы дистония

+Гипертиреоз

-Гипотиреоз

-Феохромацитома

-Біріншілік альдостеронизм

?

Атиовентрикулярлық блокада ІІ дәрежелі, І типті (Мобитц бойынша ) Венкебах - Самойлов периодымен сипатталады:



-P-Q интервалының жоғарылауымен (0.2 с көп) және келесі циклда Р тісшесінің көрінісімен

-келесі циклдарда Р-Р интервалының біртіндеп жоғарлауымен және Р тісшесінің периодтық жоғалуымен

-P-Q интервалы қалыпты және Р тісшесінің периодтық жоғалуымен

+P-Q интервалының біртіндеп жоғалуымен Р тісшесінің үзілісте сақталуымен QRST кешенінің периодтық жоғалуымен

-Р тісшесі сақталған кезде QRST кешенінің түсуімен және PQ интервалының тұрақты ұзаруымен

?

Қабылдау бөліміне бас ауырсынуына шағымданумен эйфория жағдайында қант диабетімен науқас жеткізілді. Объективті: тері жабындылары ылғалды, қол саусақтарында треморы. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 90 соққы минутына. АҚҚ- 160/100 мм.сын. бағ. Гипогликемия сатысын анықтаңыз©



+I саты

-II саты


-III саты

-IV саты


-V саты

?

Стационар алмастырушы бөлімдер арналған:



-күні бойы емдік шараларды жүргізу үшін

-күні бойы алдын-алу шараларын жүргізу үшін

-күні бойы реабилитациялық шараларды жүргізу үшін

+күні бойы емдік,алдын-алу және реабилитациялық шараларды жүргізу үшін

-күні бойы емдік,алдын-алу және реабилитациялық,тәрбие шараларын жүргізу үшін
!Жанұялық дәрігерде ер адам ауыр ағымды ауруханадан тыс пневмониямен, экссудативті плевритпен ем қабылдауда. Ауыр ағымды пневмония асқыну кезінде еңбекке жарамсыздықтың орташа ұзақтығы қандай?

-10 күнге дейін

-21 күнге дейін

-30 күнге дейін

-40 күнге дейін

-60 күнге дейін

?

Келесі клиникалық белгілері болған кезде қандай дерматит жайлы ойлауға болады: тітіркендіргіш факторлардың әсер еткен жерінде ғана пайда болу, сенсибилизация және тарату, немесе перифериялық өсу үрдісінің болмауы, ынталандыру тоқтатылғаннан кейін ерікті басылуы:



-нағыз экзема

-токсикодермия

-аллергиялық контактілі дерматит

+қарапайым контактілі дерматит

есекжем

?

Науқас М, 56 жаста, кенеттен өзін нашар сезінді: жарты сағаттан кейін шыдатпайтын, кеуде артында қысып, батып ауратын ауырсыну пайда болды. Науқас боз, суық тер. ТАЖ-18 рет минутына, ЖСЖ-200 рет минутына. АҚҚ-80/50 мм с.б. Жедел жәрдем келгеннен кейін дереу ЭКГ жасалды. ЭКГ-ның ең ықтимал себебі:



-жүрекшелердің дірілі мен фибрилляциясы

-атривентрикулярлы блокада 2 дәрежелі

+пароксизмальды қарыншалық тахикардия

-қарыншалардың фибрилляциясы

-атривентикулярлы блокада 3 дәрежелі

?

Науқасты үйде қарау кезінде дәрігер ауыр жағдайды анықтады: бетінің бозаруы,терінің сулануы,ауа жетпеу сезімі. АҚҚ150/100 мм.с.б пульс минутына 120 рет.Өкпесінде ірі көпіршікті сырылдар, жүрек тондары тұйықталған. Анамнезінде артериалды гипертензия 5жыл бойы. Дәрігер тактикасы қандай?



-науқасты үйінде қалтыру

-жедел жәрдем шақыру

-үйінде қалтырып клиникалық көріністерін бақылау

-күндізгі стационарда ем тағайындау

+арнайы бригада шақырып,госпитализациялау

?

Қуық үсті безінің аденомасы бар науқаста тұншығу ұстамасын басу үшін қандай препаратты беруге болмайды?



+Атровент

-Астмопент

-Дитек

-Теофиллин



-Сальбутамол
?

?

?



Науқас, 45 жаста көбінесе таңертеңгі уақытта 100 мл мөлшеріндегі шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, 380C дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жөтел 5-6 жыл бойы мазалайды. Өкпеде әлсіреген тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі.

Кандай диагноз болуы барынша мүмкін?

-Созылмалы катаральді бронхит

-Өкпе абсцессі

-Ошақты пневмония

+Созылмалы ірінді бронхит

-Бронхоэктаз ауруы

?

47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін?



+Сепсис

-Инфекциялық эндокардит

-Жедел жүрек жеткіліксіздігі

-Жедел тыныс жеткіліксіздігі

-Жедел респираторлық дистресс-синдромы

?

38 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне артериялық қысымның жиі кенеттен 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, интенсивті бастың ауруына, жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бозғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі артериялық қысым -260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоциттер-9,2х109 /л, эозинофилдер-7%; глюкоза- 7,6 ммоль/л, несеп анализі патологиясыз. Электрокардиограммада- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы.



Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті?

+Қандағы котехоламиндерді анықтау

-Қандағы кортизолды анықтау

-Қандағы альдестеронды анықтау

-Қандағы электролиттерді анықтау

-Қандағы ренинді анықтау

?

48 жасар әйел стационарға түсті. Анамнезінен: соңғы 1,5 ай ішінде дене қызуының периодты түрде 38-390С дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, аздаған физикалық күш түсу кезіндегі ентігу; өз бетінше аспирин, оксациллин қабылдаған. Қарағанда: дене қызуы-38,50С, тері жабындары бозғылт, беті мен алақандарында бірен-саран петехиальды сипаттағы экзантемалар, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, тахикардия, төстің сол жақ қырында ІІІ-ІV қабырғааралықтарда диастолалық шу, артериялық қысым 150/30 мм.с.б., орташа гепатоспеномегалия. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ-ның аса жоғарылауы, α2 және γ- глобулиндердің, с- реактивті белоктың, сиал қышқылдарының жоғарылауы. Несеп анализінде- патологиясыз.



Қандай ауруға күдіктенуге болады?

+Инфекциялық эндокардит және аорта жетіспеушілігі

-Жедел ревматикалық қызба және қос жармалы стеноз

-Жедел ревматикалық қызба және аорта жетіспеушілігі

-Геморрагиялық васкулит

-Ревматикалық емес миокардит

?

38 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 270/130 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 380Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 260/120 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады .



Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

-Нифедипин

-Метопролол

+Фентоламин

-Клофелин

-Каптоприл

?

42 жастағы науқас стационарға артериялық қысымының жиі кенеттен 250/120 мм.с.б., дейін көтерілуіне, интенсивті бастық ауырсындына, жүоек тұсындағы қысып ауырсынуға, жүректің жиі соғуына, тертеңдікке, дене қызуының 38 – 38,50Сдейін көтерілуіне шағынданып түсті. Объективті: тері жамылғылары бөзғылт, ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары күшейген, тахикардия, түскен кездегі қан қысымы 250/110 мм.с.б. Қан анализінде лейкоцитоз, гипергликемия, адреналин және норадреналиннің жоғарылауы. Бүйрек үсті безінің компьютерлык томографиясында істік тәрізді, гипоэхогенді түзілім байқалады .



Осы жағдайда қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

-Нифедипин

-Метопролол

+Фентоламин

-Клофелин

-Каптоприл

?

62 жастағы науқас кардиологиялық бөлімшіге басынық ауырсынуы және бас айналуға тағымданың түсті. Анамнезінен: 10 жыл бойына артериялық гипертензия бойынша диспансерлік есепте тұрады, екі жыл алдын миокард инфарктісін өткерген Жағдайының нашарлауы соңғы 1 айда, оны дәрлектерді тұрақты қабылдамауымен байланастырады. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта, өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, пульс минутына 86 рет, артериялық қысым 200/100 мм.с.б. , жүрек жетіснеушілігі белгінері жоқ, аяұ тамырларының облитерирлеугі атеросклерозі белгілері бпр.



Бұл жағдай қандай дәрмек дұрыс?

-Эгилок


+Нормодипин

-Конкор


-Атенолол

-ебилет


?

51 жасар ер адам, стационарға ұзақ ауырсынуға және оң қабырға астының түйіліп тұруына шағымданып түсті. Зерттегенде: сарғыштық жоқ, Кери симптомы оң мәнді, температурасы субфибрильді, ЭТЖ – 30 мл/сағ.

Болжам диагнозы қандай?

+Созылмалы холецистит, өршу

-Созылмалы панкреатит, өршу

-Асқазан ойық жарасы, өршу

-Созылмалы гепатит, өршу

-Одди сфинктерінің дисфункциясы

?

17 жасар жас адам, амбулаторлы тексерілуде. Дені сау жағдайда 380С-қа дейін қызба пайда болды, сол кезде терісінде және кілеген қабатында геморрагиялық бөртпелер, экхимоздар пайда болды. Бір рет «мелена» болды, сосын нәжісте Грегерсен реакциясы екі апта бойы оң мәнді болып тұрды. Қанда тромбоциттер 60х109/л. Барлық белгілер өз бетімен ізсіз өтіп кетті. Осыдан алдын баспамен ауырып, сульфаниламид дәрмектерін қабылдаған.



Қандай диагноз болуы мүмкін?

-Мәллори-Вейса синдромы

-Бейспецификалық жаралы колит

-Тоқ ішектің дивертикулезі

+Верльгоф ауруы

-Меккеля дивертикулі

?

Науқас 32 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, көз алдында «шіркейлердің» пайда болуы, ентігу, тырнақтарының сынғыштығы. Анамнезінен: 7 жүктілік болған, оның 4-інде түсік тастаумен аяқталған, етеккірі 5-7 күн, көп қан кетеді. Объективті: тері және көзге көрінетін сілемей қабаттары боз, таза, құрғақ. Тырнақтары жұмсақ, тез сынады. Ауыз бұрыштары тілінген. Жалпы қан талдауы: гемоглобин -62 г/л, эр -2,6х1012/л, лейкоциттер 4,9х109/л, тромбоциттер – 180х109/л. Эритроциттердің тұну жылдамдығы - 30 мм/ сағ.



Төменде аталған дәрілердің қайсысы ең ықтималды?

12- дәрумені

-Фолий қышқылы;

+Сорбифер-дурулес

-Аскорбин қышқылы

-Эритропоэтин

?

45 жасар ер адам тамақтанғаннан соң және физикалық күштемеден кейін болатын төс артының ауырсынуына, қыжылдауға, жеген тамақты кекіруге, тамақты жұтынғанда қиындықты сезіну мазалайды. Зерттегенде:ЭКГ патологиясыз; Эндоскопиялық пиброгастродуоденоскопия: томенгі өңештің спиинктері жабылмайды, гиперемия, өңештің шырышты қабаты ісінулі, бір қатар эрозиялар.



Бұл жағдайда қандай дәрмектерді комбинациясы тиімді?

+домперидон + рабепразол

-маалокс + ампициллин
-омепразол + смекта
-омепразол + маалокс
-омепразол + но-шпа

?

32 жасар науқас жедел «қанжа» тәрізді эпигастри аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінен:сонғы 3 жылда 12 елі ішек ойық- жара ауруымен аурады, және де ол жиі ресидив береді. Н2 гистамин блокаторлары терапиясына реакция оң мәнді. Қан құю жасалған. Ранитидинмен төрт апта терапия жүргізгенде жара тыртықталған.



Ары қарай емдеу тактикасы қандай?

+Кларитромицин+амоксициллин+омепрозол

-Тетрациклин+метронидазол+омепрозол
-Кларитромицин+метронидазол+квамател
-Амоксициллин+де-нол+омепрозол
-Амоксициллин+метронидазол+квамател

?

48 жасар науқас оң қабырға астының ауырсынуына, сарғыштыққа жалпы әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен: ішімдікті көп ішеді, бір апта бұрын өңештің барикозды кеңейген веналарына қан кету болған. Қарағанда: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазиялы, іші кепкен, гепатоспленомегалия. Қанда: анемия тромбоцитопения, ЭТЖ-44 мм/сағ жалпы билирубин тура пракция есебінен 68 мк/моль –л.



Бұл жағдайда не тағайындаған жөн?

+Гептрал + жаңа тағайындалған плазма + дәрумендер С, К.


-Преднизолон + гепабене + креон+холосас
-Гептрал + эритромасса + креон
-Преднизолон + гепабене + креон.
-Феррум-Лек + преднизолон + гептрал

?

25 жасар науқас оң қабырға астының ауырсынуына, сарғыштыққа жалпы әлсіздікке шағымданып, қабылдау бөліміне түсті. Анамнезінен: ішімдікті көп ішеді, бір апта бұрын өңештің барикозды кеңейген веналарына қан кету болған. Қарағанда: терісі және склерасы сарғыш, телеангиэктазиялы, іші кепкен, гепатоспленомегалия. Қанда: анемия тромбоцитопения, ЭТЖ-46 мм/сағ жалпы билирубин тура пракция есебінен 65 мк/моль –л.



Бұл жағдайда не тағайындаған жөн?

+Гептрал + жаңа тағайындалған плазма + дәрумендер С, К.


-Преднизолон + гепабене
-Гептрал + эритромасса + креон
-Преднизолон + гепабене + креон.
-Феррум-Лек + преднизолон + гептрал

?

Нозомикальды деп осы кезде пайда болған пневмонияны айтады:



-Бұрын емделмеген адамда

-Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 бұрын

-Жүкті әйелде жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін

+Пациентті госпитализациялағаннан кейін 48 сағат кешірек

-Үй жағдайында басқа аурудан емделген науқаста

?

Науқас 40 жаста, флегмонозды холецистит диагнозымен госпитализацияланды. Дене температурасы 38 0С, тері және склерасында өзгерістер анықталған. Зәр анализі: сал.тығ 1028, белок 0,099 г/л, лейкоциттер 18-20 к/ай, эритроциттер - ед. Бүйректің зақымдалу себебін анықтаңыз.



-Жедел пиелонефрит

-Жедел гломерулонефрит

-Жедел тубуло-интерстициальды нефрит

+Инфекциялық-токсикалық нефропатия

-Жедел бүйрек жетіспеушілігі

?

Қабылдауда науқас беліндегі ауырсынуға және жиі зәр шығаруға шағымданады. Жалпы шолу рентгенографияда: науқаста бір бүйрек көлемінің кішіреюі анықталған. Болжам диагноз.



-Диабетикалық нефроангиосклероз

-Созылмалы гломерулонефрит

+Созылмалы пиелонефрит

-Бүйрек амилоидозы

-Бүйрек ісігі

?

Науқас 28 жас келесі шағымдармен:әлсіздік,терлегіштік,дене температурасының көтерілуі 38,90 С дейін.Қарап тексергенде сол жақ жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы,ауырсынуы анықталды.3 апта бойы стоматитке ем алған.Зақымдалған лимфа түйіндеріне пункция жасалды Диагноз:



-Жедел монобластты лейкоз

-Жедел аз процентті лейкоз

+Лимфогранулематоз

-Реактивті лимфаденит

-Жедел дифференцирленбеген лейкоз

?

Компьютерлік томографиядағы ара ұясы тәрізді өкпенің көрінісі мен «матового шыны» түрі бойынша өкпедегі екі жақты өзгерістер тән:



+Фиброзирлеуші альвеолит

-Екіжақты пневмония

-Милиарлы туберкулез

-Өкпе амилоидозы

-Өкпесаркоидозы

?

Науқас Н., 67 жаста, 10 жыл бойы артериялық қан қысымымының жоғарлауымен ауырады, 15 жыл бойы шылым шегеді, сонымен қатар қантты диабеттің 2-ші түрімен 4-жыл бойы ауырады, тәулігіне 850мг мөлшерінде глюкофаж қабылдайды. Дене салмағының индексі 29 кг/м2, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л. ЭКГ –де сол жақ қарыншаның гипертрофия көріністері анықталды. Қараған кезде АҚҚ160/110 мм.с.б.б. Сіздің диагнозыңыз:



+АГ 3 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

-АГ 2 дәреже, 3 кезең, қауіп 3

-АГ 2 дәреже, 2 кезең, қауіп 4

-АГ 1 дәреже 2 кезең, қауіп 4

-АГ 3 дәреже, 3 кезең, қауіп 4

?

Науқас К., 42 жаста төс артында таңға жуық пайда болатын, батып ауырсынуға шағымданады. Науқас жүргізуші болып жұмыс істейді, күндіз ауырсыну мазаламайды. Коронароангиографияда – атеросклероздық өзгерістер анықталмаған, эргометринмен сынама оң. Сіздің болжам диагнозыңыз:



+ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

-ЖИА. Үдемелі і стенокардия

-ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК II

-ЖИА Күш түсу стенокардиясы ФК III

-ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК IV

?

27 жастағы ер адам қабырға асты мен эпигастрий аймағында аяқасты ауру сезімін сезген. Бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі азайды. Объективті түрде: тілі құрғақ, қарны тартылған. Құрсақ бұлшық еттері қатайған. АҚ 90/60 мм рт. ст., пульс 120 соққы./мин. Сіздің болжам диагнозыңыз:



-Созылмалы гастрит

+Ойық жара ауруы, ойық жара перфорациясы 12 п.к

-Өтшығару жолдарының дискинезиясы

-Құрсақтық аорта аневризмасының ажырауы

-Қатты ішекті өткізілмеуі

?

30 жастағы ер адам қабырға асты мен эпигастрий аймағында аяқасты ауру сезімін сезген. Бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі азайды. Объективті түрде: тілі құрғақ, қарны тартылған. Құрсақ бұлшық еттері қатайған. АҚ 100/60 мм рт. ст., пульс 125 соққы./мин. Сіздің болжам диагнозыңыз:



-Созылмалы гастрит

+Ойық жара ауруы, ойық жара перфорациясы 12 п.к

-Өтшығару жолдарының дискинезиясы

-Құрсақтық аорта аневризмасының ажырауы

-Қатты ішекті өткізілмеуі

?

Науқас 49 жаста, ет комбинатында жұмыс істейді, шағымдары:



ішінің ауырсынуы, диарея, метеоризм, әлсіздік. Созылмалы гастритпен бес жыл бойы учетта тұрады. Объективті: пальпация кезінде кіндік тұсында, ішек бойында ауырсыну, ішегінің шұрылдауы. Копрограммада: креаторея, стеаторея, амилорея, лямблия цисталары. Болжам диагноз қандай болады:

-Созылмалы атрофиялық гастрит

-Созылмалы гастродуоденит

+Созылмалы энтероколит

-Созылмалы панкреатит

-Ішек дискинезиясы

?

62 жастағы науқас әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, бел аймағындағы ауырсыну, қол аяғының ісінуіне, таңертеңігі уақытта көбіне болады, табас ауруына шағымданады. Қарағанда жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. АҚҚ-170/100мм.сын.бағ. Пастернацкий белгісі оң мәнді. Несеп талдауында: протеинурия, цилиндрурия. ЭКГ-де сол қарынша гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:



-Созылмалы гломерулонефрит, латентті түрі, СБЖ 0

-Созылмалы гломерулонефрит, аралас түрі, СБЖ 0

+Созылмалы гломерулонефрит, гипертониялық түрі, СБЖ 0

-Созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі, СБЖ 0

-Созылмалы гломерулонефрит, гематуриялық түрі, СБЖ 0

?

50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінуіне шағымданып жолықты. Осы аурудың басталуына 2 жыл бұрын 5 жыл ішінде оң сирақ аймағында жыланкөз болған. АҚҚ жоғары емес. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы тығыздығы 1015, ақуыз 10 г/л, зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және түінді цилиндрлер. Мочевина, креатинин қалыпты. Зимницкий бойынша сынамасында өзгерістер жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз:



+Бүйректің екіншілік амилоидозі

-Созылмалы гломерулонефрит

-Созылмалы пиелонефрит

-Жіті пиелонефрит

-Бүйректің біріншілік амилоидозі

?

Қабылдауда 28 жастағы қызда дене қызуы 37,6 С, ірі буындарда ұшпалы ауырсынуға шағымданады. Дерт үш апта бұрын басталған, бірақ шағымдарының үнемі ауысуына байланысты дәрігерге қаралмаған. Анамнезінен: жыл ішінде үш рет баспамен және бірнеше рет ЖРА-мен ауырған, мектепке бармаған. Қазіргі уақытта оң жақ тізе мен сол жақ тізе-табан буындарында ауырсыну мазалайды, буын үстіндегі терілер аздап қызарған, ісінген; ұстағанда ыстық, буындарындағы қозғалыс ауырсыну тудырады. Кеуде клеткасындағы терісінің ортасында ашықтау емес қызғылт дақ байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз:



-Инфекциялық-аллергиялық полиартрит

+Ревматикалық артрит

-Лайма ауруы

-Ревматоидты артрит

-Склеродемия

?

62 жастағы науқас оң жақ тізе буынындағы ауырсынуға, таңертеңгі құрысу 2 сағат дейін, буынның қиын қозғалуы мен қозғалғандағы сықырға шағымданады. Анамнезінен: ауру 5 күн бұрын басталған. Қарағанда: оң тізі буынының дефигурациясы, зақымдалған буындағы қозғалыстың шектелуі, ісінген, ұстағанда ыстық. Қан талдауы: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9х109/л, жалпы белок 75 г/л, ЭТЖ 10 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:



-ДОА, біріншілік гоноартроз, ФЖ I дәр

-ДОА, біріншілік олигоартроз, ФЖ II дәр

-ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ III дәр

-ДОА, біріншілік коксоартроз ,ФЖ II дәр

+ДОА, екіншілік гоноартроз, ФЖ II дәр

?

!12 жастар науқаста жоғары температура, «тотық тусті» қақырықпен ылғалды жөтел, ентігу, бронхиальды тыныс, перкуторлы дыбыстың қысқаруы, нәзік крепитациялы сырылдар. Айтылған симптомдар нені көрсетеді:



-Жедел бронхитті;

-Обструктивті бронхитті;

-Бронхоэктаз ауру;ын

+Крупозды пневмонияны;

-Экссудатты плевритті.

?

!Бала 10 жаста, кезеңді түрде болатын тыныс алудың қиындау ұстамасына шағымданады. Анамнезінде: тыныс алудың қиындау ұстамасы соңғы 1,5 жылда жылына 3-4рет мазалайды, өздігінен басылады,түнгі ұстама болмайды.Анамнезінде: атопиялық дерматит.



Обьективті қарағанда және кеуде қуысының рентгенологиялық тексеру нәтижесінде патология анықталмады. Пикфлоуметрия нәтижесі – ДШЖ (ПС* 85%. Диагноз қойыңыз:

+Интермиттерлеуші бронх демікпесі, жеңіл сатысы

-Интермиттерлеуші бронх демікпесі, орташа сатысы

-Персистирлеуші бронх демікпесі, жеңіл сатысы

-Персистирлеуші бронх демікпесі, орташа сатысы

-Персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр сатысы

?

Бала А,, 5 жаста. Айқын цианоз, ойын ойнағанда және тыныш уақытта ентігу, жиі ұстама, ұстама кезінде бала тізерлеп отырып қалады. Бойы–100см, салмағы–12кг. АҚҚ- 110/70ммс.б.. ЖСЖ-115 рет/мин. Аускультативті: жүрек тондары қатты, төстің сол жақ қырында, эпи центрі II қабырға аралығына келетін систолалық шу естіледі. Ритмі ырғақты.



ЭКГ: α бұрышы +160. Тахикардия ЖСЖ 142 рет мин. Оң жақ бөлімнің гипертрофиясы

ЭхоКГ: ОЖ 3,0 см. ОҚ ұз 5,0 см. СЖ 1,9 СҚ 2,0 см. Оң жақ өкпе сабауы 0,50 см, сол жағы 0.51 см. ФВ 64%. Қарыншааралық пердеде, аорта астылық ақау бар, өлшемі 1,6 см. Жүрекшеаралық перде деңгейінде (сброса) лақтырыс жоқ. Оң жақ қарыншаның шығу бөлігінің гипертрофиясы. Сол жақ қарынша гипоплазиясы. Аортаның оң жаққа бөлінуі 50% жоғары. Болжам диагнозыңыз ?

+Фалло тетрадасы

-Фалло триадасы

-Магистральды тамырлардың екіге ажырауы

-Магистральды тамырлардың транспозициясы

-Жүрекше аралық перденің ақауы

?

!6 жастағы балада кенеттен қорқыныш сезімі, мазасыздық, әлсіздік, салқын тер пайда болды. Жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, мойын тамырында пульсация көрінеді. Пульс 180 соққы минутына. Жүрек тоны қатты, жие. Жүрек, бауыр көлемдері –ұлғаймаған. Ісіктер жоқ. Диагноз қойыңыз:



-Кардиопатия

-Синусті тахикардия.

+Пароксизмальды тахикардия.

-Симпатико-тоникалық коллапс, бастапқы фазасы

-Миокардит

?

Қыз бала 4 жаста, жағдайы ауыр. 10 күн бұрын жедел бронхитпен ауырған. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, цианоз, беті ісіңкі, ентігу миутына 60 рет.Жүректің көлденең шекарасы үлкейген,, сол жаққа көбірек.Жүрек тондары тынықталған, өкпе артериясында II тонның акценті, топталған экстрасистолалар. Жүрек ұшында және V нүктеде орташа интенсивті систолалық шу, I тонға жақын естіледі. Өкпеде әр түрлі калибрлі ылғалды сырыл. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Диагноз қойыңыз.



-Ревматикалық емес кардит, вирусты этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н1 «А»

-Ревматизм, активті фаза, кардит, Н1 «А»

+Ревматикалық емес кардит, вирусты-бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н2 «Б»

-Ревматикалық емес кардит, идиопатиялық түрі, жүректің өткізгіш жүйесінің зақымдалуы,, жеделдеу ағымы, ауыр, Н2 «Б»

-Ревматикалық емес кардит, бактериальды этиологиялы, жүрек өткізгіш жүйесінің зақымдалуы, жедел ағымы, ауыр, Н2 «Б»

?

Қыз бала, 6 жаста. Девочка, 6 лет. Аяқ – қолдағы, арқадағы бұлшықет пен буындардың ауырсынуына, қатты тамақты жұтудың қиындығына шағымданады. Объективті: тері жамылғысы қызыл – күлгін түсті, жоғарғы қабағында ісікті эритема, Готтрон белгісі анықталады. Болжам диагноз



-Склеродермия

-Ревматизм

-Ревматоидты артрит

+Ювенильді дерматомиозит

-Жүйелі қызыл жегі

?

Науқас К., 10 жаста , шағымы тыныш кезіндегі ентігу, ісік,тез шаршау. «ҚАПА» диагнозы бойынша кардиологта «Д» есепте тұрады.Жағдайы ауыр,мәжбүр қалпы. Акроцианоз. Бетінде,алдыңғы іш қабырғасында,тізе және табанда ісік анықталады. Тыныш жағдайда ентігу ТАЖ (40 рет мин.), өкпесінде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек шекарасы кеңейген. Тахикардия, ЖСЖ 128 рет мин. Бауыр қабырға доғасынан - 4,0 см ге шығыңқы.Осы науқаста жүрек жетіспеушілігінің қандай сатысы және түрі?



-Сол жақ қарынша ҚЖ IIб

-оң жақ қарынша ҚЖ IIб

+Тотальды ҚЖ IIб

-Тотальды ҚЖIIа

-Оң жақ қарынша ҚЖ Iiа
?

ЖТД дәрігеріне, 3 айлық баланың анасы шағымданды, оның қызы соңғы 2 айда аз әрі әлсіз еметін болды, тек 50-70 грамм еміп сосын ұйықтап кетеді. Ему уақытында қатты терлейді, терісі бозарарып, жиі тыныс алады, ауызы және көз айналасы көгереді. Бала боз , жылағанда ауыз мұрын ұшбұрышында цианоз, ентігу болады. ТАЖ- 60 рет 1 мин, ЖСЖ - 150 рет 1 мин. Жүрек тондары тынықталған. Жүрек ұшы соққысы сол жақ бұғана орта сызығынан 2,5 см сыртқары. Шу жоқ. Өкпесінде қатқыл тыныс. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см шығыңқы.Анасы жүктіліктің 20-ы аптасында ЖРА мен ауырған.Босануы қалыпты өткен.Клиникалық диагноз қоюға қандай әдіс ең маңызды?

+Эхокардиография

-Электрокардиография

-Фонокардиография

-Жүрек рентгенографиясы

-Спирография

?

Бала 12 жаста, баспамен ауырған, 2 аптадан кейін буындарда "ұшпалы" ауырсыну, олардың ісінуі және қозғалысының шектелуі, қызба пайда болды. Анықталғаны: тахикардия, жүрек шекарасының үлкейуі, тондарының әлсіреуі, ат шабыс дыбысы, жүрек ұшында жұмсақ соғатын шу, бауыр ұлғайған. Қан анализінде: ЭТЖ – 60 мм/сағ, лейкоцит 15.2 Г/л, АСЛ-О-600 АЕД; СРБ (+++); серомукоид-0,800. Диагноз: ревматизм, белсенділігі III дәреже. Біріншілік ревмокардит, полиартрит, жедел кезең. ҚЖ IIA. Патогенетикалық мақсатпен төмендегі препараттардың қайсысын тағайындауға болады?



+Преднизолон

-Цефазолин


-Делагил
-Дипразин

-Эритромицин

?

Қыз бала 16 жаста, ауырсынуға, тізе буынының ісінуіне, денесіндегі бөртпеге, қызбаға, тамағының қышуына шағымданады. Объективті қарау: іш аймағында – сақина тәрізді эритема, тізе буынының ісінуі. Жүрек тоны әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. АҚҚ 110/70 мм.с.бағ



Науқасқа қандай тексеру әдістері қолданылады?

-Ревматоидты фактор

-Антитела нативті ДНК

+Антистрептолизин «О»

-Райта-Хеддельсон реакциясы

-С- реактивті белок

?

Бала 14 жаста диагнозы: Қайталамалы ревмокардит, біріккен митральды ақауы. Күн тәртібін сақтамайды. Келген туысқандарын тамаққа тойып алып үйлеріне шығарып салды, 3 ші қабатқа баспалдақпен түсіп қайтадан баспалдақпен көтерілген. Осыдан кейін жағдайы нашарлаған, ентігуі күшейген, аритмиялық пульсі мин 120-ға дейін, ал ЖСЖ мин 150 болды.Көбікті қақырықпен жөтел пайда болды. Тағайындалған ем- аспирин, АТФ, кокарбоксилаза, преднизолон. Тағы қандай дәрілік зат тағайындау керек:



-делагил

+строфантин

-гепарин

-кофеин


-эуфиллин
?

Бала 14 жаста диагнозы: Ревматизм, активті фазасы, біріккен митральды ақау. Күн тәртібін толық сақтамайды. Келген туысқандарын тамаққа тойып алып үйлеріне шығарып салды, 3 ші қабатқа баспалдақпен тусіп баспалдақпен көтерілген. Осыдан кейін жағдайы нашарлап,ентігу күшейген, аритмиялық пульсі 120 ға дейін жоғарылады, ал ЖСЖ мин 150 болды. Көбікті қақырықпен жөтел пайда болды. Қандай асқыну жайында ойлауға болады:

-Жүрек жетіспеушілік,оң жақ қарыншалық түрі

+Жедел жүрек жетіспеушілік,сол жақ қарыншалық түрі

-Жедел пневмонии

-Септикалық эндокардит

-Ревмокардит

?

Бала 5 жаста, ЖРВИ-ді бастан кешірген. Жазылғаннан 6 күннен кейін жағдайы нашарлаған. Әлсіздік, ұйқысыздық, ентігу пайда болған, тәбеті төмен., жүректің көлденең шекарасы ұлғайған. Пульсі 120 рет мин., АҚҚ-80/40 мм.сн.бағ. ЭКГ-де тісшелер төмендеген, тыныс алу аритмиясы. ЭХО-КГ–да миокардтың жиырылуы төмендеген және сол жақ қарыншаның іші кеңейген. Қойылған диагноз: Ревматикалық емес кардит. Ем жүргізілді. Баланың жағдайы жақсарды, бірақ жүрек шекараларымен ЭХО-КГ өзгеріссіз. Бала ауруханада 5 ай болған. Осы аурудың ағымы қандай:



-Жедел

+Жеделдеу

-Созылмалы қайталанбалы

-Жылдам


-Жазылу

?

Қолқаның және оның тармақтарының аускультациясы маңызды



+артериальды стенозда

-венаның варикозды кеңеюінде

-посттромбофлебитикалық синдромда

-Рейно ауруында

-Акроцианозда

?

Науқас сізге сол жақ жамбас аймағындағы және балтырындағы ауырсынуға шағымданып келді. Түскі ас кезінде қайнаған суды аяғына төгіп алды. Қарағанда: алдыңғы сол жақ жамбас аймағының беткейінде және балтыры қызарған, көпіршікпен жабылған. Күйік аумағы 16%. Сіз не істейсіз:



-Жедел жәрдем шақырып науқасты хирургиялық стационарға бағыттау

-Жедел жәрдем шақырып науқасты күйік орталығына бағыттау

-Жедел жәрдем шақырып науқасты травпунктке бағыттау

-Науқасты хирургқа кеңеске бағыттау

-Науқасты травмотологтың кеңеске бағыттау

?

70 жастағы әйел эпигастрий, кіндік маңы аймағындағы кенеттен пайда болған жедел ұстамалв ауру сезіміне, көп ретті құсу, газдвң шықпауына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 370 С, боз, тілі құрғақ, іші кепкен, оң жақ кіндік маңы аймақта тимпанит, «шалпылдаған шу», қарқынды перистальтика. Қанда: лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?



+Ащы ішек түйілуі

-Тоқ ішек түйілуі

-Перитонит

-Жедел аппендицит

-Мезентериальды тамырлар тромбозы

?

48 жасар әйел, эпигастрий аймағындағы үдемелі, арқасына берілетін ауру сезіміне, лоқсу, жеңілдік әкелмейтін өтпен құсуға шағымданады. Көп мөлшерде алкоголь ішеді. Қарап: боз, пульсі минутына 90 рет, артериалдық қан қысымы 100/60 мм.с.б.б., іші ассиметриялы кепкен, эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі бар, Керте және Воскресенский симптомдары оң. Қан талдауында: лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ, зәр диастазасы 530 бір. Вольгемут бойынша, қандағы қант 6,5 ммоль/л. Көрсеілгендер ішінде ЕҢ негізделген емдеу тактикасы қандай?



-Спирт-новокаинды бөгет

-Склеротерапия

+Симптоматикалық ем

-Лапароскопия

-Хирургиялық ем

?

67 жастағы ер адам, кенеттен пайда болған ұстама тәрізді іштегі ауру сезіміне, құсуға, газ шықпауына, үлкен дәретінің жоқ болуына шағымданады. Қарап тексергенде: бозғылт, адинамиялы, дене температурасы 35,80 С, тілі құрғақ. Іші ассиметриялы кепкен, сол жақ мықын аймағында Вале, Кивуль симптомдары оң, перистальтикасы қашықтықтан естіледі. Қанда: эритроциттер 6х1012 /л, лейкоциттер 18х109 /л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Көрсетілгендер ішінде қайсы диагностикалық зерттеу ЕҢ бірінші орында?



-Ирригоскопия

+Құрсақ қуысы рентгенографиясы

-Ректороманоскопия

-Колоноскопия

-Құрсақ қуысы лапароскопиясы

?

67 жастағы әйел, гипертоник. Қабылдауда кенеттен сол аяғының ауырсыну сезіміне, бозаруына шағымданады. қарап тексергенде: мәрмәр реңді сол аяқ терісі біртіндер цкөгере бастады. Пульс анықталмайды.



Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысы ЕҢ алғаш тағайындайды?

-Кофеин 10% - 1 мл тері астына


-Промедол 2% - 1 мл тері астына

-Папаверина гидрохлорид 2%-2 мл тері астына


+Фибринолизин 60000 Б көктамырға
-Эуфиллин 2,4 % - 10 мл көктамырға

?

Науқас ауру ағымына және ауру ағымына байланысты денсаулықты сақтауға немқұрайлы, жеңіл қарайды. Ол дәрігердің айтқан кеңесіне құлақ аспай, өз бетінше яғни ауруы өршігенге дейін». Бұл мінез-құлықтың ауруға деген жауабы қай сипаттамаға сәйкес келеді?



+Анозогностикалық

-Эргопатикалық

-Сенситивті

-Меланхолиялық

-Дисфорикалқ

?

Жасөспірім 18 жаста, эйфориялы, аздап қозулы, тұрған орнында билейді, күледді, көз жанарлары жылтырап тұр, конъюнктивалары инъецирленген, беті гиперемиялы, мұрын-ерін үшбұрыш қыртысы боз, құрғап қалған ернін жалай береді, алкоголь иісі сезілмейді.



Аталған диагноздардың қайсысы дұрыс?

-Маниакалды синдром

-Апиындық мастану

+Гашишті мастану

-Кокаинді мастану

-Барбитурлы мастану

?

Науқас У., 35 жаста, алкогольды көп қолданғаннан қолдары мен аяқтарында ауырсынулар және парестезиялар пайда болған. Статуста – солғын тетрапарез, «қолғап» және «шұлық» түрімен сезімталдықтын барлық түрлерінің бұзылуы, вегетативтік бұзылыстар анықталады. Болжам диагноздын қайсысы дәлірек:



-Белл параличі

+полинейропатия

-миопатиялық синдром

-афазия


-бульбарлы синдром

?

17 жастағы науқас, көңіл - күйі төмен, құлазыған, жылай береді, өзінің ешкімге керек еместігін және пайдасыздығын уайымдайды, өмірден қол үзу ойы бар. Эмоция бұзылысының түрін анықтаңыз:



-эйфория

+депрессия

-дисфория

-іштарлық

-амбиваленттілік

?

Науқас К., 18 жаста, ауру аяқ астынан басталды, қысқа мерзімді естен тану пайда болған. Науқаста бастың ауруы, жүрек айнуы, желке бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзинский симптомы оң мәнді, брадикардия, 38 градусқа дейін дене температурасының жоғарылауы анықталған. Жұлын сұйықтығы қызғылт түске боялған. Диагнозын қайсы зерттеу растайды:



-ЭХО-энцефалография

+бас миының КТ-сы

-электроэнцефалография

-реоэнцефалография

-коагулограмма

?

Алкогольды алты күн үздіксіз ішкеннен кейін науқаста үрей, тынышсыздық пайда болды. Қорқынышты дауыстар естиді, түнде ұйықтамайды. Соңынан түсушілерден қашып, далаға шықты, үстіндегі жабысқан құмырсқаларды қағып-сілкіп жүр. Психоздын қай түрі дәлірек



-гебефрения

-онероид


+делирий

-галлюциноз

-аменция

?

40 жасар әйел. АҚ 210/130 мм рт. ст. жоғарылауы фонында бас айналуын, жүру кезіндегі теңселуді айқаған. Объективті: жанына қарағандағы нистагм, Ромберг қалпында тұрақсыздық, саусақ-мұрын және тізе –өкшелік сынамасыон орындау кезінде екі жақты атаксия байқалады. 10 минуттан кейін барлық патологиялық өзгерістер қалпына келді.



Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

-Гипертониялық церебральды криз

-Жедел гипертониялық энцефалопатия

+Транзиторлы ишемиялық шабуыл вертебро-базиллярлы бассейнде

-Транзиторлы ишемиялық шабуыл ортаңғыми артериясы бассейнінде

-Транзиторлы ишемиялық шабуыл алдыңғы ми артериясы бассейнінде

?

Созылмалы алкоголизммен зардап шегетін 44 жасар ер кісі, жергілікті мекен жайы бойынша емханаға білезік және табанындағы күйдіретін ауру сезіміне шағымданып қаралды. Зерттеу кезінде «шұлық және қолғап» типі бойынша сезімталдықтың бұзылысы анықталады



Қандай диагноз ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

-Невроз


-Невралгия

-Туннельді синдром

-Мононейропатия

+Полинейропатия

?

Ер кісі 64 жаста, жүрісі мен сөйлеуінің қиындауына, тыныштықтағы треморға шағымданып қаралды. Объективті: амимия, брадилалия, дауысы жай, бұлшықеттердің ригидтілігі, пластикалық типтегі тонусының жоғарылауы, гипокинезия.



Қандай дәрілік зат тағайындау қажет?

+Л-Допа препараты

-Коагулянттар

-Цитостатиктер

-Антибиотиктер

-Иммуномодуляторлар

?

20 жасар жасөспірім, клиникаға қысатындай бас ауру сезіміне, көпретті құсуға, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға шағымданып қаралды. Науқастың бетіқызарған, мұрынерін үшбұрышы көгерген, көз қантамырлары қанталаған, менингеальды синдром анықталады. Ликвор бұлыңғыр, сары-жасыл, нейтрофильды плеоцитоз.



Этиотропты терапия үшін қандай препарат ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

-Антигипоксант

-Антивирусты препарат

-Антикоагулянт

+Антибиотик

-Кортикостероид

?

35 жасар әйел кісіні қарау кезінде: горизонтальді нистагм, дизартрия, эйфория, зәршығаруға императивті шақырулар, аяғындағы парестезиялар, аяқтарындағы спастикалық салданулар, құрсақтық рефлекстердің жоғалуы анықталды. Емделгеннен кейін барлық симптомдар жойылды. Ремиссия фазасында ем жүргізу қажет?



-Антибиотикпен

+Бета-интерферонмен

-Нейропротекторлық препараттармен

-Гипотензивті препараттармен

-Антиагреганттармен

?

Науқаста тілдің оң бөлігіндегі атрофия, тілдің оң жақтағы бұлшық еттерінің фасцикулярлы жыбырлауы, тілді шығарғанда оңға қарай қисаюы байқалады. Қандай нерв зақымданған:



-Тіл-жұтқыншақ

-Кезбе


-Үшкіл

+Оң жақтағы тіл асты

-Сол жақтағы тіл асты

?

Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,50С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз



-Қызылша

-Риновирусты инфекция

+Аденовирусты инфекция

-Респираторно-синцитиальды инфекция//

-Тұмау

?

Науқас Ж, 67 жаста, енжарлыққа, жара аймағы бұлшық еттерінің кернеп тартылуына шағымданып жанұялық дәрігерлік амбулаторияға келді. Бақшада жұмыс істеп жүргенде оң аяғының табанын терең жарақаттанған соң 12 күннен кейін ауырған. 2 күннен кейін аузын ашу және тамақты шайнау қиындаған, жұтынғанда ауырсыну пайда болған. Одан кейін бет бұлшық еттері қатайып, кеудесінде қысу сезімі пайда болған. Болжам диагнозыңыз.



-Құтыру

+Сіреспе


-Кене энцефалиті

-Жара ботулизмі

-Менингит

?

Поликлиниканың дәрігеріне науқас келді. Шағымдары: әлсіздік, көз алдында қосарлану, бір реттік құсу, көз алдында «тұман», «тор» елестері. Науқастың ауырғанына бір күн болды. Оның алдында саңырауқұлақ қосылған көкөніісті үй консервісін жеді.Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық Дене қызуы 36,8°C. Даусы қатты , екі жақтан шамалы птоз, мидриаз, анизокория.Өкпесінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары қатты, пульс 76 р/мин. АҚҚ110/60мм с. Б. Тілі ылғалды, жұтынуы еркін. Іші жұмсақ. Дәреті қалыпты. Науқасқа қандай терапия негізгі боып табылады және неліктен?



-Этиотропты, өйткені патогенезінде негізі фактор бактеремия болғандықтан.

+Серотерапия (спецификалық сарысуды енгізу), өйткені патогенезінде негізі фактор экзотоксин болғандықтан.

-Дезинтоксикациялық , өйткені патогенезінде негізі фактор эндотоксин болғандықтан.

-Қабынуға қарсы, өйткені патогенезінде серозды қабыну негізгі болғандықтан.

-Десенсебилизирлеуші, өйткені ГНТ дамуда.

?

12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды.Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз.



-Диарея. Шамалы сусыздану. Бжоспары 4-сағат ішінде

-Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде

+Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде

-Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде

-Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон

?

Жұқпалы ауру анықталған жағдайда шұғыл хабарлама қандай мерзімде жіберілуі керек?



-тезарада

+12 сағатта

-1 тәулікте

-2 тәулікте

-7 тәулікте

!Жұқпалы ауруға күдіктенгенде СЭС-на қандай құжат жіберіледі?

+Шұғыл хабарлама

-Тіркеу журналы

-Ауру тарихы

-Санэпидбарлау картасы

-Заттық түбіртек

?

Бала 12 жаста. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Науқас анасымен қатынаста болған. Шағымдары: жөтел, тәбеті төмендеген. 2 ТБ Манту сынамасы –16 мм. Перифериялық лимфа түйіндері пальпацияланады, ұсақ, тығыз эластикалы, ауырсынбайды. Кеуде клеткасының тура және бүйір проекциясында: тілшелік сегментте орташа интенсивті, контуры айқын емес, өлшемі 2х3 см, кең « жол» өкпе түбіріне қарай бағытталған қараю анықталады. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры айқын емес. ЖҚА: лейкоциттер 12х109/л, эозинофилдер 4%, ТЯ 65%, моноциттер 6% лимфоциттер 25%, ЭТЖ 18 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:



*Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы тығыздалу фазасы, басқа жағдай, ІІІ категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы

+Сол жақ өкпенің біріншілік туберкулездік қосындысы инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, І категория, ІА диспансерлік бақылау тобы

-Сол жақ өкпенің ошақты туберкулезі инфильтрация фазасы, жаңа жағдай, І категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы

-Сол жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі себілу фазасы, басқа жағдай, І ктегория, І А диспансерлік бақылау тобы

-Сол жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, ІІ категория, ІБ диспансерлік бақылау тобы

?

Науқас әйел, 42 жаста. Бала кезінде туберкулезбен ауырған. Қақырықты жөтелге, жүдеу, тершеңдік, температурасының 37,20С-ге көтерілуіне шағымданады. Рентгенологиялық: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде гомогенді емес, ағару бөліктері бар, фокусты қараю анықталады. Өкпе түбірі ұлғаймаған. Диагноз қойыңыз:



-Ошақты туберкулез. Жаңа жағдай

-Кавернозды туберкулез. Басқалар

+Инфильтративті туберкулез. Рецидив.

-Диссиминирленген туберкулез. Жаңа жағдай

-Туберкулема. Рецидив

?

Науқас 36 жаста, 2 ай бойы әлсізідік, шырышты қақырықпен жөтел, қалтырау. Балалық шағында кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі бойынша химиотерапия алған. Рентгенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде аз және орташа қарқынды, өлшемі 1 см, көптеген көлеңкелер, сол жақ ұшында қабырғасы жұқа қуыс анықталды. Қақырық микроскопиясында МБТ анықталды. Қарқынды фаза емін тағайындаңыз



-2HRZS

-2HRZS 3S

-2HRZE

+3HRZS 2S



-3HRZE

?

Науқас, 37 жаста. Кеш түскен кезде пайда болатын ауырсыну сезіміне шағымданады. Өкпенің жиынтық зерттеуі барысында өкпенің жоғары бөлігінде диаметрі 5-10 мм болатын шеттері айқын емес, симметриялы орналасқан көптеген көлеңкелер анықталды. Манту реакциясы 2 ТБ- 12мм. Қақырықта ТБ анықталмайды. Диагноз қойыңыз.



-Инфильтративті туберкулез

+Диссиминирленген туберкулез

-Кавернозды туберкулез

-Ошақты туберкулез

-Фиброзды-кавернозды туберкулез

?

Науқас 33 жаста. Екі ай көлемінде пайда болған әлсіздікке, қақырығы аз жөтелге, жүдеуге шағымданады. Астеникалық тип, тері жабындылары бозғылт, кеуде қуысының екі бөлігі де тыныс алу актінінен қалып отыр, жауырынаралық аймақта бірен-саран ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: күшейген өкпе суреті фонында өкпенің жоғарғы бөлігінде әртүрлі көлемдегі және тығыздықтағы, кейбір жерлерде бірігетін ошақтар анықталды. ЖҚА-да: лейкоцит- 12,6х109\л, СОЭ-29мм\сағ. Диагноз қойыңыз.



-Фиброзды-кавернозды туберкулез

-Инфильтративті туберкулез

-Цирротикалық туберкулез

+Диссеминирленген туберкулез

-Кавернозды туберкулез

?

Науқас 33 жаста. Жанұялық аурухаға кеуде клеткасының ауырсынуына, құрғақ жөтелге, дене қызуының 37,50С жоғарылауына байланысты келді. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Рентгенологиялық зерттеуде оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде гомогенді емес қараю, төменгі бөліктерінде интенсивтілігі жоғары ошақ анықталды. Диагноз қойыңыз:



-Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

-Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі тығыздалу фазасы, басқа жағдайлар, І категория, І Б диспансерлік бақылау тобы

-Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

+Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі себілу фазасы, жаңа жағдай, І категория, І А диспансерлік бақылау тобы

-Оң жақ өкпенің туберкулемасы ыдарау фазасы, рецидив, ІІ категория, І А диспансерлік бақылау тобы

?

Кариотип 45 ХО, қысқа бойлы, сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің гипоплазиясы, зәр шығару мүшелерінің және жүрек қан тамыр жүйесінің аномалиялары. Қандай етеккір циклінің бұзылысында осы көріністер болады?



-Гонада дисгенезиясының таза түрі(синдром Сваер*

-Аналық бездің біріншілік гипофункциясы

-Гонада дисгенезиясының аралас түрі

-Тестикулярлы феминизация синдромы

+Типичная форма дисгенезии гонада дисгенезиясының әдеттегі түрі ( Шерешевский - Тернер синдромы)

?

Босанғаннан кейін 3-ші тәулікте 32 жастағы босанушы әйел іштің төменгі жағының ауыратынына, қалтырауға, бас ауруына, дене температурасының 39С дейін көтерілуіне шағымданды.Босану кезінде бала жолдасының бөліктік жабысуына байланысты қолмен ажырату және қалдықтың бөлінуі жасалынды.Анамнезде 1рет босану және 2 мед.аборт, созылмалы пиелонефрит анықталды.Сүт бездері –айқын тығыздалған.Сіздің диагнозыңыз?



-Жедел респираторлы ауру

+Эндометрит

-Мастит

-Созылмалы пиелонефрит асқынуы



-Лохиометра

?

Етеккір кешігуіне шағымданады.Соңғы етеккірі-2ай бұрын болған.Обьективті:жалпы жағдайы қанағаттанарлық,пульс-96 рет/мин,АҚҚ-100/60м.сын.бағ.Гинекологиялық сататус:айнамен қарауда жатыр мойны.қынап шырышты қабаты цианоздалған.Жыныс жолдарынан бөліністер.RW: Жатыр мойны цилиндрлі,сыртқы араны ашық.Жатыр 6-7 апталық жүктілікке сай ұлғайған,жұмсақ консистенциялы.Жатыр қосалқылары пальпацияланбайды.Күмбезі бос,ауырсынусыз,бөлініспен.Қайсысы жүкілік кезіндегі физиологиялық өзгеріске жатады?



-Етеккір тоқтауы, РС 96 рет/мин, қынап шырышты қабатының цианозы

-Жатыр көлемі ұлғаюы,пульс-96 рет/мин.

-Жатыр көлемі ұлғаюы,жұмсақ консистенциялы,пульс 96 рет/мин.

+Етеккір тоқтауы,қынап шырышта қабатының цианозы,жатыр көлемі ұлғаюы

-Жатыр көлемі ұлғаюы,етеккір тоқтауы

?

ЖТЖ 25 жастағы әйел жүктілік бойынша бақыланады. Жүктіліктің 14-15 аптасында тұмаумен ауырған,содан кейін әйелде периодты түрде болатын ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну,прогестерон деңгейін анықтағанда оның көлемі азайғаны анықталған. Болжам диагноз қандай?



+Жүктішлік үзілу қаупі

-Толық токсикоз

-Ұрықтың жатыр ішілік өлімі

-Жолдағы түсік

-Іш теспесі

?

Акушер-гинекологқа бір апта бұрын жұқпалы ауру стационарынан шыққан әйел келді. Қызамықпен ауырып шыққан. Әйел жүкті, мерзімі 9-10 апталық. Сіздің тактикаңыз?



-Жүктілікті жалғастыру

-Гормон терапия және диспенсерлік бақылауды жалғастыру

-Дәрумендермен емдеу

+Жүктілікті үзу

-Ұрық даму ақауы анықталса жүктілікті үзу

?

4300,0 салмақпен ұрықты босанушы әйелде,жатыр мойнын айнамен қарауда қынап күмбезіне дейін жатыр мойны жыртылуы анықталған.Дәрігер тактикасы:



-Жыртылған жатыр мойнына кетгутты тігіс салу

-Жергілікті жансыздандыру арқылы жатыр қуысын колмн тексеру

-Жатыр қуысын қолмен тексеріп,жатырға жұдырықпен массаж жасау

+Жатыр жыртылуын бар жоғын тексеріп,жоқ болса,жыртылған жатыр мойнына тігіс салу

-Лапаротомия, қосалқыларынсыз жатыр экстирпациясы

?

Лимфагранулематоз осы жаста жиірек кездеседі:



+30 жасқа дейін

-50 жасқа дейін

-60 жасқа дейін

-60 жастан асқанда

-10 жасқа дейін

?

Лимфагранулематоз қортынды диагнозы осы негізде қойылады:



+Морфологиялық

-Эндоскопиялық

-Биохимиялық қан анализі негізінде

-Рентгенологиялық

-Компьютерлі томография негізінде

?

Лимфагранулематоздың ІІ б сатысының емі осыдан басталады:



-Химиотерапиядан

+Рентгендік терапиядан

-Гормондық терапиядан

-Радиқалды программа бойынша сәулелік терапиядан

-Хирургиялық емнен

?

Лимфасаркоманы ең тиімді емдеу әдісі:



+Химиотерапия

-Жақын фокусты рентгентерапия

-Қуысішілік саулелі терапия

-Гормондық терапия

-Хирургиялық ем

?

Лимфагранулематоз кезінде лимфа түйіндерінің зақымдалу сипаты:



-Пальпация кезінде ұлғайған, консистенциясы ірімшік тәрізді, тізбектеліп орналасқан лимфа түйіні теріге жыланкөз болып шығады

+Ұлғайған, эластиқалық, аурсынбайтын, қозғалмалы, айналадағы тінмен бітіспеген лимфа түйіндері

-Пальпация кезінде тығыз, тас тәрізді консистенциялы, ауырсынбайтын, қозғалмалы, айналадағы тіндермен бітісіп кеткен, 10 см дейінгі және оданда үлкен лимфа түйіні

-Пальпация кезінде ұсақ, бұршақ тәріздес, ауырсынбайтын, өзара бітіспеген лимфа түйіндер. Барлық шеткері лимфа түйіндер топтары зақымдалған

-Пальпация кезінде ауырсынатын, көлемі ұлғайған, терінің гиперемиясы бар, түйіннің беткейіндегі ошақты температурасы жоғарлаған

?

Тері меланомасының ең тиімді емдеу әдісі: 
*+Ісктің бұлшықет фасциясына дейін кең хирургиялық алынуы, лимфодиссекциямен



-Жақынфокусты 100-120 Гр рентгентерапия, кейінннен ісікті экономды алып тасталуымен

-Полихимиотерапия

-Химиогормонотерапия

-Жалпы дозасы 40-60 грей гамма терапия

?

Тері меланомасы жиі осы түзілістен дамиды:



-Тері атеромасынан

-Терінің кәрілік кератозынан

-Тері сүйелінен

-Тері папилломасынан

+Терінің дақты невусынан

?

Тері меланомасы келесі аурулар кезінде дамиды:



-Дюбрей меланозы

-Педжет ауруы

-«Моңғол дағы»

-Кейр эритроплазиясы

-Боуэн ауруы

?

Тері меланомасының диагностикасындағы негізгі әдіс:



+Морфологиялық верификация

-Тері термографиясы

-Якша реакциясы

-Радиоактивті фосформен сынама

-Абелеев-Татаринов реакциясы

?

Тері невусының малигнизациясының клиникалық белгісі:



+Жаралану мен қан кету

-Невустың түсі өзгермейді

-Дақты невустың өсу ырғағы баяу (7-10 жыл бойы өсе береді)

-Невустың беткейінде жергілікті температура 3С-ге төмендейді

-Невустың айналасында тері асты веналардың диаметрі кеңейді

?

Радикальді ем жүргізілетін қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар қандай клиникалық топқа жатады:



-I

+II


-III

-IV


-V

?

60 жастағы науқас 8 ай бұрын сол жақ сүт безінде ісікті байқады, дәрігерге қаралмаған. 2 апта бұрын онкодиспансерге жіберілген, онда сол жақ сүт безі обырының IV сатысы, ісіктің ыдырауы анықталған. Асқыну себеб:



-Диагностика қателігі

-Толық емес қарау

-Дерттің жасырын жүруі

+Дәрігерге дер кезде қаралмау



-Науқасты ұзақ уақыт қарау

Поделитесь с Вашими друзьями:


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница