Жұмыс бағдарламасы «Экология және тұрақты даму»


Экотоппен биоценоз арасындағы тығыз байланыстар



страница29/64
Дата11.01.2020
Размер1.25 Mb.
ТипЖұмыс бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64
Экотоппен биоценоз арасындағы тығыз байланыстар:

А) Экотоп шаптары саналы болған сайын биоценоздағы түрлерде соншалықты көп болады;

ә) экотоп жағдайының қалыптан ауытқуы жоғары болған сайын биоценоз соғұрлым түрге жұтан және ерекше болады, ал керісінше оның кейбір түрлерінің құрамындағы дарақтардың саны жоғары болады.

Б) экотоптағы ортаның жағдайы неғұрлым бір қалыпты өзгеретін бюолса және ол ұзағырақ өзгеріссіз тұрса, биоценоз соғұрлым түрге бай болады және қалыпты әрі тұрақты сақталады.

В) Бір- біріне жақын екі топтың , өзі бір- екі топта экологиялық қуыста жата алмайтын болғандықтан, түрге бай тектер, әдетте биоценозда өзінің жалғыз өкілі қатысады.

Биоценозды биосфеаның элеметарлық биохорлық бір өлшем дейді.

Экожүйенің дамуымен тұрақтылығы .

Табиғи экожүйелерде организм популяцияның жағдайлары тұрақты түрде өзгеріп отырады. Оған түрлі себеп бар. Қысқа мерзімде себепке ауа райының жағдайлары маусымды температураның жыл бойына өзгеруі, жылдан жылға абиотикалықжәне биотикалық фактордың әр түрлі кездейсоқ қосылуы жатады. Осы барлық тұрақсыздануы дағдайыдағыдай ,азды-көпті жүйелік және экожүйелің тұрақтылық шегінен , яғни жердің географиялық және ауа- райының жағдайларына сәйкес ,оның әдеттегі көлеміне, түр құрамына, биомассанынан, өсімділігінен ауытқымайды.Экожүйенің осындай жағдайын климакс деп атайды. Климакс (ғылымға бұл терминді Ф.Клемантс 1916 жылы енгізді) экожүйеннің тұрақты, соңғы сатысы.

Экожүйенің экологиялық көрсеткіштері тұрақты болады, себебі оның өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігі бар.Осы қабілеттілікті экожүйе гомеостазы деп атайды .Гомеостаз кері байланыс принципіне негізделген.Мысалы: популяцияның тығыздығының оптимуннан ауытқу нәтижесінде не туылым не өлім-жетім артады.

Экожүйенің сыртқы әсерден туған өзгерістерге төтеп беріп қайтадан бұрынғы қалпына келе алатынын сипаттайтын қабілеттілік оның орнықтылығы деп аталады.Экожүйенің орнықтылық принципі термодинамиканың екінші заңымен сабақтас.Осы концепцияға сәйкес энергия бойымен ағып жатқан кез-келген табиғи жүйе орнықтылық күйіне қарай бейімделеді.Экожүйенің орнықтылығы оның көлемі неғұрлым үлкен және түрлік популяциялық құрамы бай және әр алуан түрлі болса, соғұрлым жоғары.

Бір биогеоциноздың басқа биогеоцинозбен ауысып отыруы экожүйелік сукцессия деп аталады.Экожүйелік сукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барыснда биотикалық қауымдастықтар бірінен соң бірі алысып жүреді.

Сукцессия өту, тұрақтану климакс сатыларынан тұрады.Экожүйелік сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, амогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрі бар.

Биомдар. Бір нақты географиялық аймақты мекендейтін тірі организмдердің (өсімдіктердің,жануарлардың) жиынтығы биота (терминді Э.Раковице 1907 жылы ұсынды.) деп аталады, ал табиғи климаттың зона шегіндегі біріккен экожүйндегі (тундра,тайга, дала, шөл дала тропиктік ылғал орман)—биом (терминді Клемантс және Шелфорд 1939 жылы ұсынды) дейді.

Биом былайша айтқанда өсімдіктердің қандайда бір негізгі типімен және ландшафтығ басқа ерекшеліктерін сипаттайтын ірі аумақтық және субконтиненттік, биожүйе. Биом құрамына кіретін биоциноздар заттектер мен энергия ағынымен өзара тығыз байланысты.





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница