Кафедра жетекшісі тжд №1 Доцент: Абенова Н. А. Ассистент: Жумабаева Т. Н



Скачать 49.96 Kb.
страница1/14
Дата17.04.2018
Размер49.96 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Кафедра жетекшісі ТЖД №1

Доцент: Абенова Н.А.

Ассистент: Жумабаева Т.Н.

Амбулаторлы карта

Науқас аты – жөні: Еспагамбетов Алпысхан

Орындаған: Абдрашитова А.

Тобы:502 А

Ақтөбе 2017 жыл

Паспорттық бөлім

Фамилиясы: Еспагамбетов

Есімі: Алпысхан

Әкесінің есімі: Жаниязович

Жасы: 12.09.1972ж

Жынысы: ер

Мамандығы: Бухгалтер

Жұмыс орны: №15 мектеп

Мекен жайы: Ақтөбе қаласы, Бөкенбай батыр 145

Алғашқы диагноз:

Негізгі: Гипертониялық ауру ІІ сатысы, АГ ІІІ дәрежесі, Қауіп 3 (жоғары).

Қосалқы: Қант диабеті. Семіру ІІ дәрежелі

Шағымдары

Негізгі: Шүйде және самай аймақтарында қысып ауыртатын бас ауруына, бас айналуына, жүрегінің қағуына, физикалық жүктемеге байланыссыз прекардиальды аймақтың ұзақ сыздап ауруына, көз алдында шіркеулердің пайда болуы, құлақтарында шу, ентігу.

Қосымша: жүрегінің айнуы, құсуы, жалпы әлсіздік, ұйқының қашуы.

Ауру тарихы

Өзін 2004 жылдан бері алғаш рет АҚҚ 170/100 мм сын.бағ. көтерілгенде және шүйде мен самай аймақтарында басының қысып ауырғандығы, бас айналуы пайда болғанынан бері аурумын деп санайды. Себебін психоэмоциялық стресспен (әкесінің қайтыс болуы) бйланыстырады. Дәрігерге қаралып, емдеу курсын алған. Диагнозы: Гипертониялық ауру 1 саты, 2 дәреже, қауіп 2. Науқасты диспансерлік учетка алған, келесі препараттар тағайындалған: эналаприл, индапамид, эгилок. Ем режимін сақтамаған, жағдайы жақсарғанда препараттарды қабылдауды тоқтатқан. 2010-2016 жылдары АҚҚ 150/110 мм.сын.бағ. дейін периодты көтерілген, энап қабылдағаннан кейін ҚҚ түскен. 20.09.2017 жылы психо-эмоциональдық күйзелістен кейін жағдайы нашарлап шүйде мен самай аймақтарында басының қысып ауырғандығы, көз алдында шіркейлердің пайдо болуы, құлақтарында шу, АҚҚ 200/110 мм.сын.бағ. дейін көтерілген. Энап ішкеннен кейін де жағдайы жақсармаған. Үйіне жедел жәрдем шақырып, терапия бөлімшесіне жатқызылған.




Өмір тарихы

Ақтөбе қаласында 1972 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Отбасында жалғыз бала. Жасы мен жынысына сай дамыған. Мектепке уақтылы барған, дене шынықтыруға қатысқан. Мектептен кейін бухгалтер мамандығын алған. 23 жасынан бері жұмыс жасайды.

Армияға барған.

Кәсіби зияндылықтары жиі стрестік жағдайлар, гиподинамия.

Әлуметтік жағдайы жақсы.

Социальды жағдайы- үйленген.

Тамақтану жақсы, бірақ тұз бен майлы тағамды көп қабылдайды.

Зиянды әдеттері: темекі шекпейді, алькогол сирек аз мөзшерде қабылдайды, наркотиктер қабылдамайды.

Басынан өткізген сырқаттары: Тұмау, 2015 жылы холецистоэктомия жасалған. 2005 жылдан бері Қант диабетімен диспансерлік учетта тіркелген.

Туберкулез, гепатит, тері және жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауырмаған.

Гемотрансфузия болмаған.

Дәрі-дәрмектерді көтере алмаушылық және аллергиялық реакциялары жоқ.

Тұқымқуалайтын аурулары: анасы 45жасынан –гипертониялық аурумен, ал әкесі – қант диабетімен ауырған.



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница