Клиникалық психофизиология Жоспар Клиникалық психофизиологияның пәні мен міндеттері. Зерттеу әдістері



Скачать 24.73 Kb.
Дата16.04.2019
Размер24.73 Kb.

Клиникалық психофизиология 

Жоспар

1. Клиникалық психофизиологияның пәні мен міндеттері. 

2. Зерттеу әдістері. 

3. Шизофрения. Депрессия.

Психика дамуындағы клиникалық жағдайлардың пайда болуы көбінесе ішкі себептерге байланысты.Тамақтанудың жақсаруы мен урбанизацияға байланысты балалардың дамуы жылдамдап физиологиялық акселерация деген түсінік пайда болды. Физиологиялық акселерацияның физиологиялық және психикалық түрі бар . Дене бітімі дамуынан психикалық дамудың артта қалуы ретардация деп аталады. Ретардация физикалық және психикалық болып 2-ге бөлінеді .Дене бітімі акселерациясы мен мидың нашар дамуы тұқым қуалауға байланысты.



Эндогендік себептерге жаскезеңдік өзгерістерге байланысты туындайтын себептер мен адамның ауруға дейінгі ағзалық ерекшеліктері жатады. Жас адамның ерекшеліктеріне байланысты невроздың түрі қалыптасады. Мысалы: истериялық реакциялар ұстамсыз адамдарда жиі дамиды. Жабысқақ түрдегі невроздар: мазасыз, күдікшіл адамдарда жиі болады.

Психиканың клиникалық жағдайларының дамуына эндогендік себептердің ықпалы өте зор. Жүйке жүйесі зақымдануына байланысты туындайтын аурудың зардабынан (менингит, энцефалит,менингоэнцефалит, полимилит) болған және бассүйек ми зақымданғаннан кейінгі мидағы кемістік. Туу кездегі болған зақымданудан кейін де өмір бойы сақталатын ми кемістігі болады. (мидың ең аз(минемальды дисфункциясы «ММД» не « ерте резидуальды –органикалық мидың кемістігі» деп аталады)

Резидуальды органикалық мидың кемістігі бассүйек пен ми зақымданған уақытта пайда болады. , дәрі сезімталдығы жоғары болады . Соматикалық әсіресе ауыр және ұзаққа созылған аурулар нервтік –психикалық бұзылуды оңай тудырып, олардың өтуін ауырлатады .

Ересек адамдар арасында қан тамырлары аурулары мен ісік пайда болудан басқа да тұқым қуалайтын 1,5 мыңнан астам аурулар бар . Бір жағынан тұқым қуалайтын ауруы бар адамдар міндетті түрде ауырмайды , екінші жағынан мутация арқылы пайда болатынын көрсетті .

Қалыпты жағдайдағы психикалық дамудың ауытқуларына мутациялардың (сыртқы себептердің-мутагендердің арқасында пайда болады , мысалы клеткаларға сәулелелердің, химиялық заттардың әсері) ықпалдары зор. Артынан бұл өзгерістер тұқым куалайды,осыған байланысты ару тудыратын фенотип пайда болды. Сыртқы факторлардың тек мутация пайда болуында ғана емес , тұқым қуалайтын аурулардың білінуінде де маңызы зор .

Аномальды даму психологиясы ағзаның анатомиялық-физиологиялық өзгерістеріне, адамның денсаулығына байланысты да болады. Мысалы: анемиялық жағдай, анемия-сөзі «қан аз» немесе «аз қан» деген ұғымды білдіреді . Бұл жағдай адам қанындағы гемоглобин мөлшерінің азаюынан пайда болады. Гемоглобин организмнің тасымалдық функциясын атқарады. Гемоглобин оттегімен байланысып, әрбір клеткаға, органдарға, тканьдарға оттегін тасиды. Анемиялық жағдайда тканьдар мен органдарда оттегінің жетіспеушілігі – гипоксия болады. Анемияның негізгі симптомы (себептері): бас ауру, әлсіздік, тері мен шырынды қабаттарының реңсіздегі .

Анемияның негізгі үш топқа бөлуге боладыкөп қан жоғалтқандағы анемия; эритроциттер түзілуі бұзылуындағы анемия; эритроциттердің жоғары бұзылуындағы анемия. Анемияның бірінші тобын темір жетіспеушілік себептері негізінде қарастыруға болады. Әртүрлі аурулар мен жарақаттардың себептерінен қан жоғалуы мүмкін Қанның қызыл көрсеткіштерінің төмендеуі шұғыл болмайды. 1-2тәуліктен соң қан жүру және жиналу жолдарына байланысты қандағы гемоглобин мен эритроцит көрсеткіштері төмендейді. Қанды қайтадан жоғалтқанда анемияның асқынған түрі пайда болады. Оның негізгі себептері мен ағымы: әлсіздіктің біртіндеп дамуы, қозғалыс кезіндегі ентігу, жүрек соғуының жиілеуі, бас айналуы. Тері мен көзге көрінетін шырын қабаттарының реңі бұзылуы . Қанның құрамындағы гемоглобин мен эритромицин көрсеткішінің төмендеуі . Асқынған қан жоғалтуда организмдегі темір қоры жоғалып, қан түсінің өзгеруіне әкеледі. Әсіресе адамның ішкі органдарынан қан көп кеткен: асқазан –ішек жарақатына, ісіктеріне байланысты.

Шизофрения тек психиатриядағы маңызды проблемалық ауру емес жалпы медициналық сырқат.Шизофрения ауруымен көбінесе жас адамдар ауырады.Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор.Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ.Ол бала кезде де,ересек кезде де болуы мүмкін.Шизофрения ұзақ мерзімді ауру.Көп уақытқа созылған аурулардың жартынан көбі шизофрения.Шизофрения жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады.Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу себептері анық емес. Психиатриядағы көптеген өткір теориялық және тәжірибелік сұрақтар шизофрениямен байланысты. Шизофрения клиникасында әр түрлі формаларды жалпы байланыстырып тұратын бірнеше психикалық белгілер бар. Аурудын пайда болу тегі, оның бірнеше түрге бөлінуі жағынан көптеген пікірлер бар. Бірак барлық психиатрлар шизофрениядағы негізгі клиникалық белгі ретінде бөлшектену бар екеніне күмәнданбайды. Бұл аурудын атын швейцар психиатры Э.Блейлер қойды. Бөлшектену белгісі төмендегідей болады. Қалыпты жағдайда барлық психикалық процестер өзара байланысты. Сезіну,қабылдау,ойлау,жүріс-тұрыс психиканың әр түрлі жақтары болып саналады.

Шизофренияда осы көрсетілген біртұтастық бұзылады,яғни психикалық қызметін тұтастығы,бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс-тұрысынан білінеді. Басқаша айтқанда шындықпен байланыстан білінеді. Бірте-бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар өздерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ықпалымен болатынын, айтады. Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе. Мысалы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет қылып салып,”өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жоқ”деп түсіндіреді. Егер ауру өзінін салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адамда көрмей оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады. Оларда сөйлеу нашар дамығандықтан суреттерінде символизм мен бөлшектену білінеді. Кейде аурулар өз ойларын кәдімгі сөздер арқылы бере алмай, жаңа сөздерді ойлап табады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе,шизофрениямен ауырған кезде ойлау мен эмоция бұзылып, психикалық қызметтің тұтастығы бөлшектенеді. Әуелгі кезде интеллект қызметінің бұзылуы формальды түрде дұрыс болады. Ауру адам өз жұмысын одан әрі атқара береді. Бірақ туыстары мен қызметтес адамдардың бақылауы және айтуы бойынша, психиканың бұзылуы нақтылы болғандықтан аурудың диагнозын қоюға болады.

Біздің елде шизофренияның түрлерге бөлінуі аурудың клиникалық ерекшеліктерімен өтуіне байланысты. Аурудың үш негізгі түрі бар: үнемі болатын, ұстамалы-прогредиентті және рекурентті. Үнемі ағымды шизофрения ағымды болады. Белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты қатерлі, параноидты және жай ағымды түрлері болады. Ұстамалы прогредиентті шизофрения бұл түрінде дерттің ағымы өзгерісті болады. Немістің “шуб “ деген сөзі жылжудың, өзгерісті көрсетеді.Бұл дерттің қозуынан ауруда шизофренияға тән өшпейтін өзгеріс болады. Рекурентті (мерзімді ) шизофренияның бұл түрінде ұстаманың соңынан ауру мүлде жазылып кетеді. Мұнда онейройдты кататониялық, депрессивті-параноидты және аффективті белгілер болады.



Шизофренияның қатерлі түрі жасөспірім кезінде басталып, үш негізгі бөліктен құралады: психикалық өнімділіктің төмендеуі, эмоциональдық өзгерістердің пайда болуы және бұрмаланған пубертатты дағдарыстың құбылыстары. Бұдан басқа мезгіл-мезгіл рудиментті сандырақ ойлар, жекеленген елестетушіліктер пайда болады. Ойлаудың бұзылуы, қиындауы, оқу үлгерімінің нашарлағаны байқалады.

Қазіргі көзқарас бойынша шизофрения тұқым қуалаушылық жағынан тез қабылданатын ауруларға жатады. Мұның айғағы ретінде шизофрениямен ауырған отбасында шизофрениялық психоз және адамның жеке басының өзгеруі жиі кездеседі. Шизофренияның пайда болуын биогендік аминдер мен олардың ферменттерінің, катехоламиндер, индоламин т.б. алмасуының бұзылуынан деген қағидалар бар. Қазіргі кезде шизофренияны емдеудің негізгі тәсілдері: антипсихотикалық, антидепрессивті, транквилизаторлы жіне стимуляциялық әрекетті психотроптық заттардың қолданылуы. Бұрын емдеудің естен тандыру әдістері аурудың ем қонбайтын түрлерінде кеңінен қолданылды. Емдеудің барлық биологиялық түрлері психотерапия және еңбек пен әлеуметтік бейімделу шараларымен қатар өткізіледі. Емдеудің барлық кезеңінде жеке адамның белсенділігін сақтап қалу негізгі принцип болып саналады.

Поделитесь с Вашими друзьями:


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница