Лекция Антибиотктер кейбір микроорганизмдермен синтезделетін немесе олардың химиялық модификациясының (жартылай синтетикалық антибиотиктер) өнімі. Антибиотиктер басқа микроорганизмдер мен вирустардың өсуіне жол бермейді



Скачать 46.23 Kb.
Дата17.01.2019
Размер46.23 Kb.
ТипЛекция

Лекция

Антибиотктер - кейбір микроорганизмдермен синтезделетін немесе олардың химиялық модификациясының (жартылай синтетикалық антибиотиктер) өнімі. Антибиотиктер басқа микроорганизмдер мен вирустардың өсуіне жол бермейді.

Кей-кезде антибиотиктерге өсімдік және жануар текті антибактериалды заттарды да жатқызады.

Антибиотктердің әсер ету механизмінің негізі антогонизмде жатыр. Яғни, антогонизм дегеніміз - микроорганизмдердің басқа микроорганизмдердің өсуі мен көбеюін тежеу болып табылады.

Көптеген антибиотиктерді өндірісте микробиологиялық синтез әдісімен алады. Ал кейбіреулерін табиғи емес жартылай өнімдерден алады. Олар синтетикалық антибиотиктер (левомицетин, синтомицин) болып табылады.

Антибиотиктер басқа дәрілік заттарға қарағанда жоғары биологиялық активтілік көрсетеді. Мысалы, пенициллиннің 1 мкг/мл бактерияларға айтарлықтай төтеп бере алады.

Антибиотиктерді пайдалану барысында оған төтеп бере алатын резистентті бастериялар пайда болуы мүмкін. Төтеп бере алатын қабілеттің пайда болуы - микроорганизмде спецификалық ферментің синтезделуіне байланысты. Осыған байланысты, антибиотикті антимикробты қасиетінен арылтады. Микробтардың антибиотикке қарсы әрекетін алдын алу үшін әр-түрлі әсер беретін бірнеше антибиотиктердің комбинациясын пайдаланады.

Қазіргі уақытта табиғи және синтетикалық антибиотиктердің 10 мыңнан астам түрі белгілі. Оның 100-ден астам түрін медицинада және жануарлар мен өсімдіктерді аурудан қорғау мақсатында пайдаланады. Антибиотиктерді әлемдік өндіру көлемі 50 мың т/жыл.

Антибиотиктерді қолдану тарихы 1929 жылдан басталады. Алғаш рет 1940 жылы синтезделген пенициллин биологиялық активтілікке ие болды. Пенициллиннің химиялық құрылысы тек 1945 жылы рентгенді структуралық анализ бойынша анықталды. Бірақ, осыған қарамастан, бұл антибиотик 1945 жылы кең көлемде Екінші Дүние жүзілік соғыста пайдаланылған екен. Пенициллиннің активтілігі төрт мүшелі азитинді сақына негізінде екені анықталды.

Классификациясы. Жалпы, антибиотиктерді әр-түрлі негіздерге сүйеніп классификациялаған еді. Алғашында антибиотиктерді алу көзіне байланысты класстарға бөлген.



Қазіргі уақытта антибиотиктерді әсер ету спектріне байланысты классификациялаған:

  • Грам-оң микробтарға (стафилоккоки, стрептококки, пневмококки және т.б.) қарсы әсер ететін антибиотиктер. Яғни, бұлардың әсер ету спектрі тар. Бұндай антибиотиктерге пенициллин, эритромицин, альбомицин, грамицидин, бацитрацин және т,б.

  • Кең спектрде әсер ететін антибиотиктер. Яғни, олар грам-оң және грам-теріс (дифтерии таяқшасы) организмдерге де әсер ете алады. Бұл топқа стрептомицин, хлоромицин, тетрациклин, неомицин, каномицин және т.б. жатады. (грам-теріс және гарм-оң микробтар дегеніміз - метил күлгін дәне йодқа қастысты әсеріне байланысты ажыратылған организмдер. Грам-оң микробтар боялған комплекс түзсе, грам-теріс микробтар боялмайды. )

  • Саңырауқұлықтарға әсер ететін антибиотиктер. Бұл топқа полиенді антибиотиктер (нистатин, кандицидин, трихомицин және т.б.) жатады.

  • Микроорганизмдермен қатар ісікке де әсер ете алатын антибиотиктер: актиномициндер, митомицин, саркомицин, азасерин, пу-ромицин және т.б.

Фармацевтикалық химияда антибиотиктерді химиялық структурасына байланысты классификациялайды. Бұл химиялық структурасы мен физика-химиялық қасиеттері мен әсер ету механизмі арасындщағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Осы классификацияға байланысты табиғи және синтетикалық антибиотиктер келесідей топтарға бөлінуі мүмкін:

  • Алициклді антибиотиктер (тетрациклин);

  • Ароматты қатардағы антибиотиктер (левомицетин тобы);

  • Гетероциклді антибиотктер (пенициллин, цефалоспорин);

  • Аминогликозидтер (стрептомицин, канамицин, гентамицин, амикацин);

  • Антибиотик-марколидтер (эритромицин, азитромицин).

Антибиотиктерді алу жолын үшке бөлуге болады:

  • Мүктерден антибиотик-гликозидтер алуға негізделген микробиологиялық синтез. Бұл инъекцияға арналған стерильді ұнтақ немесе ампула түрінде шығарылатын тұрақсыз қосылыстар;

  • Табиғи антибиотиктерді химиялық модификациялау - микробиологиялық және химиялық синтездің үйлесі. Бұл синтез негізінде жартылай синтетикалық антибиотиктер (пенициллин, цефалоспорин, тетрациклин) алынады.

  • Органикалық қосылыстардан структурасы күрделі емес ситетикалық антибиотиктер алу - химиялық синтез. Бұл синтез өнімдері - левомицетин және оның туындылары.

Антибиотиктерджі өндірістік жағдайда олу келесі сатыларды қамтиды:

  1. Пролуценттік жоғары өнімділікті штаммын және соған сәйкес ортасын таңдау;

  2. Биосинтез процессі;

  3. Антибиотикті бөлу және тазалау.

Табиғи штаммдар өндірістік жағдайда пайдалау үшін белсенділігі төмен болып келеді. Сол себепті белсенді табиғи штаммды таңдап алған соң, оның өнімділігін көтеру мақсатында әр-түрлі мутагендерді қосады. Олар тұрақтылық әсер көрсетеді. Эффективті мутагендер болып физикалық мутагендер - ультра күлгкін және рентгенді сәулелену, нейтрондар және химиялық қосылыстар болып табылады. Мутагендерді пайдалану штаммның өнісділігін көтеріп қана қоймай, табиғи микроорганизмдерге қасиеті белгісіз жаңа штаммдарды алуға мүмкіндік береді.

Антибиотиктерді өндірудегі тағы бір маңызды факторлардың бірі - рационалді ортаны таңдау. Антибиотикті ерітіндіден бөліп алу әдістер әр-түрлі болып келеді жіне ол химиялық құрылысына тәуелді. Көбінесе келесі әдістерді пайдаланды: әр-түррлі адсорбенттердегі адсорбция, экстаркция, тұндыру. Антибиотиктерді тазалау хроматографиялық әліспен жүзеге асады. Тазаланған өнімді лиофильді кептіруге ұшыратады.

Антибиотикті алған соң оның тазалығын тексереді. Ол үшін элементті құрамын, физика-химиялық константасын анықтайды. Сонымен қатар, бастерияға қарсы белсенділігі, стреильділігі және улылыған тексереді.

Антибиотиктерді зерттеудің келесі сатысы - треапевтикалық қасиетін бағалау. Ол үшін жануарларға қасақана патогенді микроб жұқтырады. Жануарды өлімнен сақтап қалатын антибиотиктің минималды дозасы - минималді терапевтикалық дозасы болып табылады.

Егер зерттеліп отырған антибиотик кең ауқымда медицинада қолданылатн болса, онда оны алудың өндірістік әдісін толығымен меңгеріп, химиялық структурасын ары қарай зерттейді.

Антибиотиктерді анализдеу әдістері. Басқа табиғи қосылыстармен (алколоидтар, гликозидтер) салыстырғанда антибиотиктер үшін оларды анықтайтын жалпы топтық реакциялар жоқ. Болса да, бұндай реакциялар тек антибиотиктің белгілі бңр химиялық классына ғана қолданылады.



Антибиотиктердің идентификациясы үшін түсті реакциялар, УК, ИҚ спектроскопия, хроматографиялық әдістер пайдаланылуы мүмкін.

Сандық анықтау үшін биологиялық, химиялық және физика-химиялық әдістер пайдаланылады.

Поделитесь с Вашими друзьями:


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница