Мақсаты: Ұлттық баскиімдерді ажырата білуге; ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыра білуге үйрету; көз мөлшерін дамыту; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі құралдар



Скачать 164.82 Kb.
страница9/66
Дата13.03.2018
Размер164.82 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, үй құрастыруға арналған құрылыс материалдары.

Алдын-ала жұмыс: шаттық шеңберіндегі өлеңді жаттау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Кәне, кәне, тұрайық,

Киіз үйді құрайық.

Бір уықты қолға алып,

Шаңыраққа тағайық.

Шеңбер болып айналып,

Арқандарды тартайық.

-Балалар,біздің шаттық шеңберіміз не жайында болды?

Дұрыс айтасыңдар балалар,олай болса біз бүгін адамдардың баспаналары туралы әңгімелеседі екенбіз.


Балалар шеңберге жиналып,төмендегі өлең жолдарын айта отырып,қимылдар жасайды.
- Киіз үй жайында.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог әртүрлі үйлердің макеттері мен суреттерін көрсете отырып,ішінен киіз үйді табуларын сұрайды.

Киіз үй екендігін қайдан білдіңдер?

Дұрыс айтасыңдар, «киізден жасалғандықтан бұл үйді киіз үй деп атаған», -деп киіз үйдің құрылысы туралы қысқаша ақпарат береді. Сонымен қатар киіз үйді үнемі көшіп жүргендіктен пайдаланғандығын және киіз үйлер даланын қатты дауыл желдерінен де қорған болатындығын түсіндіру.

Сендер қандай үйде тұрасындар?


- Көпқабатты үй, екі қабаттан тұратын үй туралы не айтар едіндер?

-Пәтер деп нені айтамыз.

Педагог пәтер тупалы түсіндіреді.

Қалай ойлайсыңдар, киіз үйдің ішінде пәтер бар ма?

-Бөлмелер қандай үйлерде болады.
-Тағы қандай үйлер бөлмелерге бөлінген?

-Міне балалар, киіз үйдің айырмашылығы оның сыртқы көрінісінде ғана емес,сонымен бірге ішінде де байқалады екен.


Педагог киіз үй, көп қабатты т.б. үйлердіәң барлығы да адам баспаларына жататындығын түсіндіреді.

-Қалай ойлайсыңдар, осы баспаларды салған кімдер деп ойлайсыңдар?


-Оларды кімдер деп атаймыз?

Педагог баспана салудағы дамдардың еңбегі туралы айтып түсіндіреді.


Педагог балаларды өздерінің қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға киіз үймен жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстырып, сипаттап беруекіншің орталықтағы балаларға көпқабатты үй, оның ауласын, ойын алаңын құрастыру тапсырылады.

Педагог сергіту сәтін ұйымдастыралы да, балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп қадағалайды.Орталықтағы жұмыстардың аяқтпалғандығын айтып орындарына отырғызады.

Дәптермен жұмыс.


Балалар киіз үйдің макетін немесе суретін тауып көрсетеді.
-Өйткені ол киізден жасалған.
-Көпқабатты үйде.

-Мен пәтерде тұрамын.


-Ал мен екі қабатты үйде тұрамын.
-Көп қабатты үй биік, үлкен, онда көп адамадар тұрады.

-Екі қабаттан тұратын үйде бір отбасы ғана тұрады. Бірақ оның бөлмелері көп.Балалар білетін болса өздерінің тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

- Жоқ, киіз үйдің ішінде пәтерлер де, бөлмелер де болмайды.

-көп қабатты үйлерде пәтерлер болады. Сол пәтерлердің ішінде бөлмелер бар.


-Адамадар
-Құрлысшылар деп атаймыз.
Бірінші орталықтағы балалар киіз үй менг жер үйдің, көпқабатты үйдің макетін салыстыра отырып олардыңайырмашылықтары мен ұқсастықтарын табады.
Екінші орталықтағы балалар құрылыс материалдарынан көпқабатты үйлердің, оның ауласы мен ойын алаңын құрастырып әңгімелейді.Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.Балалар бастапқы орындарына отырып, дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница