Мектепке дейінгі балалаға мызыкалық тәрбие беру



Скачать 380.5 Kb.
страница1/10
Дата29.03.2018
Размер380.5 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Мазмұны






Кіріспе

3

1

Мектепке дейінгі балалаға мызыкалық тәрбие беру

6

1.1

Мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызы

6


1.2

Балабақшада музыканы оқыту

13

1.3

Балалар бақшасындағы ән-күй жетекшісі мен педагогикалық ұжымның қызметі

19


2

Балабақшадағы ән-күй сабағында қабылдау сезімін арттыру

21

2.1

Балабақшадағы ән-күй сабағы сезімін және ойын технологиясы арқылы балалардың қабілетін арттыру

21


2.2

«Күй сандықты ашамыз» балабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті

27

2.3

Музыка - сезім тілі» және «Әніміз бар тамаша» балабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті

30





Қорытынды

36




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

39




Қосымша

40


Кіріспе

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың музыкалық қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында музыкалық қабілетінің алғашқы шарттары 50 – 60 пайыз байқалған. Баланың музыкалық ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастырудан бастау қажет.

Музыка - рухани қазына. Рухани қазынаның мөлдір бастау бұлағынан нәр ала білген бала адамгершілік пен асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. «Әнге әуес, күйге құмар бала - жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі» М.Әуезов.

Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту – тәрбиешінің міндеті.

1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды.

2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй - әй», «топ - топ» буындарын қайталайды.

3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады.

5 жас – баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады.

6 жас - балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.

Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жектізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды.Өйткені «Музыка-жүрек тілі», яғни сезім,қобалжу көңіл-күйдің тілінен ұққан жөн. Музыка шынайы өнер, адамға зор әсер етіп,құдіреттің эмоциялық орасан зор күші арқылы эстетикалық талғамын оятады.

Музыканы тыңдау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балалардың ой-өрісін, сезімін,киімін,талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз.

Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.

Балабақшада іс - әрекет ретінде музыка сабағы біріншіден өнер сабағы деп аталады. Музыка сабағында балалар ән салу саз аспаптарында ойнау, музыка тыңдау тәрізді іс-әрекетпен айналысады. Музыка сабағының өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар мектеп пәні ретінде басқа сабақтармен ұқсастығы да бар:

- біріншіден, оқыту жоспарына кіретін бүкіл пәндерді жалпы міңдет біріктіреді: жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру;

- екіншіден, кез келген балабақшада оқу іс-әрекет, мектептік сабақтың құрылуы негізінде психолог-педогогикалық заңдылықтар жатыр. Мысалы: балалардың жас ерекшеліктері ескеріледі;

- үшіншіден, балабақшада, мектепте оқыту процесі жалпы дидактикалық принциптердің негізінде құрылады. Басқа бір пәнді оқытуда сияқты музыка сабағына тән принциптері: тәрбиелеп оқыту,жүйелілік, көрнекілік, жаңа технологияны пайдалану және т.б.

Ән айту - музыкалық тәрбиенің аса маңызды құралы және баланы жан-жақты жарасымды жетілдіру міндеттерін шешуде елеулі роль атқарады.

Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, тыныс алуына, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі.

Зерттеудің көкейкестілігі. Балалардың музыкалық қабілеттерінің дамуы көбіне музыкалық жетекші мен тәрбиешілер жұмысының түйісуіне байланысты болады. Музыка жетекшісі мен тәрбиешілер әрекеттестігінде балалардың музыкалық дамуы бойынша жұмысты бірлесіп жоспарлап олардың ұғымдары мен әрекеттерінің жалпы мағынасын қалыптастыруларын салыстыруға бағытталған инициатива алмасу қажет. Осы тұрғыдан алғанда балабақшадағы тәрбиешінің музыкалық сауаттылық және құзырлығы мәселесі өзектілігін жоймайтыны сөзсіз. Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі болғандықтан мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие беріп, оның өмірге, еңбекке даярлау бала тәрбиесі жайында отбасына көмектесу педагогикалық білімді көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндет атқарады.

Зерттеудің мақсаты: Балабақшадағы ән-күй сабағында қабылдау сезімін арттыру ашылу.

Зерттеудің міндеттері:

- мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие берудің маңызы ашып көрсету;


  • балабақшада музыканы оқыту зерделену;

- балалар бақшасындағы ән-күй жетекшісі мен педагогикалық ұжымның қызметі анықтау;

- балабақшадағы ән-күй сабағы сезімін арттыру және ойын технологиясы арқылы балалардың қабілетін арттыру сипаттау;

- «Күй сандықты ашамыз» балабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті;

- «музыка-сезім тілі» және «Әніміз бар тамаша» балабақшадағы музыкалық оқу іс-әрекеті ашып көрсету.

Әдістемелік нұсқаудың құрылымдық ерекшелігі: Әдістемелік нұсқауда ұлттық музыкалық аспаптар туралы мағұлматтар балалардың жас ерекшеліктеріне сай ықшамдалып берілді. Бөлімдерде мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық қаблетін қалыптастыруда оқу-тәрбие үрдісінде сирек қолданылатын және мүлдем қолданылмайтын қазақтың ұлттық саз аспаптары жайлы деректер ұсынылып отыр.

Әдістемелік нұсқаудың мақсаты: балалардың ұлттық көне музыкалық аспаптар жайлы түсініктерін кеңінен дамыта отырып, алғашқы ұлттық саз асапапта ойнауға үйрету.

Әдістемелік нұсқаудың міңдеті:

- халқымыздың қымбат мұрасы мен асыл қазынасы қазақтың ұлттық аспаптары жайында танымын кеңейту;

- кіші топтарда балалардың ұрмалы және сілкімелі аспаптар: дауылпаз, шылдырмақ, тоқылдақ, қоңырау, сақпан, дабыл аспаптарында ойнау қабілетін қалыптастыру;

- ересек және мектепке дейінгі даярлық топтарда ұрмалы және үрмелі аспаптардың түрлерін меңгерте отырып,ұлттық аспаптар ансамблін ұйымдастыру;

- аспапта орындау шеберлігін қалыптастыру.

Әдістемелік нұсқаудың нәтижесі:



  • музыкалық мәдени білімдері тереңдейді;

  • өз халқаның музыкалық мұрасына эстетикалық ләззат ала біледі;

  • балалар шығармаларды өздігінен орындауға үйренеді.





  1. Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница