Оқу орыс тілдерінде жүретін мектептердегі қазақ тілі мұғалімдері үшін жалпы білім беретін мектептердің МҰҒалімдеріне арналған оқУ-Әдістемелік қҰрал бақылау диктанттары 5-11 Павлодар қ., 2014 ж


Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау



Скачать 198.17 Kb.
страница53/99
Дата26.05.2018
Размер198.17 Kb.
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99
Қазақ тілі пәні бойынша 8-сыныпқа арналған І тоқсандық бақылау
Мақсаты: Оқушылардың лексикадан, грамматикадан алған білімдерін тексеру.
І Лексикалық тапсырмалар:

  1. Қазақ отбасындағы туыстық атауларға сипаттама беріңдер.

  2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, орыс тіліне аударыңдар.

а) Арыңды жасыңнан сақта.

б) Ең алдымен ойлаң,онан кейін істе.

в) Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

3. Үйде ас әзірлеуге анаңа көмектесесің бе? Қандай ас дайындай аласың?

4. Жазғы демалыста ата-әжелеріне барасыңдар ма? Оларға кандай көмек бересіңдер? Бұл тақырып бойынша бірнеше сөз тіркесін жазыңдар.

5. Өз отбасыларың туралы шағын әңгіме құраңдар.


ІІ Грамматикалық тапсырмалар

1.Салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңдар.

Жұмыс аяқталған соң, біз қайтуға кірістік.

Ол тілалғыш бала, өйткені ол ата-анасына көмектеседі.

Мен кітапты көп оқып, бұл кітаптардағы әңгімелерді әжеме айтып бердім.

Олар дайындалды, қонақтары келмеді.

2. Кілемдерді, жинауға – сөз құрамына қарай талдаңдар.

3. Берілген сөйлемдерде есімшені табыңдар.

Мен жазғы демалысымда ата-әжеме баратын болдым.

Ауылда өткізген күндерім тамаша болды.

4. Сөйлемдегі сын есімдерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңдар.

Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Адам бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады.


  1. Етіс туралы түсінік беріңдер. Етіс түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіріндер.





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   99


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница