Патопсихология қосымша психиатриялық пән, оның міндеті болып жаны науқас адамдарда психикалық процесстер бұзылысын экспериментальды зерттеу болған. Неміс психиатр теоретигі К. Ясперстің жұмыстарының негізінде 20ғ



Дата27.05.2019
Размер42.4 Kb.

Патопсихология қосымша психиатриялық пән, оның міндеті болып жаны науқас адамдарда психикалық процесстер бұзылысын экспериментальды зерттеу болған. Неміс психиатр – теоретигі К.Ясперстің жұмыстарының негізінде 20ғ. басында психопатология, жаны науқас адамдардың күрделі психологиялық өзара қатынастарын зерттейтін дербес ғылымға айналды. Ол психикалық дерттерді «ішкі себептер» сапасында қарастырған. Бұл ішкі себеп, «сыртқы ақиқат себеппен» өзара қатынасқа түсе отыра К.Ясперстін пікірінше нақты жарымжан адамның психикалық бұзылыстарының ерекше картинасын анықтайды, бұны зерттеу психиатрге тура диагноз қоюға жεне дұрыс ем тағаяндауға мүмкіндік береді.

Психопатологиямен қатар жалпы психология шеңберінде 20 ғ. басында ерекше қолданбалы білім саласы пайда болды – ол, патологиялық психология. Оның міндеттері болып «ередегі емес» психикалық шеңбердің көрінісін «ережедегі» адамдардың психологиясын жақсы таңып білу үшін мақсатпен зерттеу жатады.. Жарымжан пациенттерде байқалатын психика бұзылыстары патопсихологияда, жалпы психикалық өмір феноменіне сайкес орынын және мағынасын толық түсінуге , және де қандай да болмасын психологиялық теориялардың ақиқаттылығын тексеруге,және психологиялық білім саласындағы жаңа проблеманы аңғаруға мүмкіндік береді.

Патопсихология клиникалық психологияны саласы ретінде клиникалық психологияның ерте кезенінде бірінші болып жылдам дамыды. Психиатрияға деген қызығушылық бүгінге дейін зор блғанымен, практика жεне медицина саласында ең аз теория, және ең күрделі практикалық шеңберде қарастыры, көбірек деңгейде психология саласында қарастырылған.Бұлай болуы, оның пεні ерекше дерттер классы – мεні барлық психика бұзылыстарында көрінетін психикалық ахуалдар болғандықтаг. Психикалық ахуалды зерттеу үшін, алдымен психиканың көп қырлы көрінісін білу қажет. Міне сол себептен психиатрия үшін психологиялық білім өте маңызды. Бұл туралы 1876 ж. И.М.Сеченов ескертіп жазған « дене патологиясының негізінде физиология жатқан сияқты психиатрия негізі болып психология жатады» деген.

Ресейде психиатрия мен психология арасында εрқашан тығыз байланыс болған. Психологияның ғылым болып бас көтеруіне жεне де εсіресе патопсихологияға салмақты үлесін еңгізгендер отандық психиатрлер В.М.Бехтерев, А.Ф.лазурский, Г.И.Россолимо, С.С.Корсаков, В.П. Сербский, А.Н. Бернштейн, В.А. Гиляровский т.б. Қызықтысының бірі, 1879 ж. В.Вундтың алғаш экспериментальды лаборатория Лейпциг университет іргесінде ашқанымен, оның іс-әрекеті ғылыми – теориялық сипатта болғаны. Ресейде алғаш экспериментальды – психологиялық лаборатория 1885 жылы Казаньда В.М.Бехтерев бастауымен психоневрологиялық клиникаларда жεне ғылыми – зерттеу қызметтерінен өзге, психикалық науқас адамдарға жεрдем беру практикасына тікелей қатысты қолданбалы аспектілер де жүзеге аса бастады.

Патопсихология пәні. Мақсаты және шешетін практикалық міндеттерімен патопсихология, εр түрлі психикалық ахуалдары бар психика бұзылыстарының проблемасы мен шұғылданатын клиницистерге нақты практикалық жәрдем беруге бағытталған. Патопсихологияд психопатология атты психиатрияның тарауымен тығыз байланыста. Бұл пәндердің атаулары ежелгі грек тілінің түбірінен тұрады: «пато»- «қасірет», «ауру», «псюхе» – «жан», «психика» және «логос» - «ілім», «зерттеу» деген. Сонымен патопсихология жεне психопатология психиканың бұзылыстарының әр түрлі көріністерін зерттейтін сала.

Бірақ барлық сыртқы ұқсастыққа, зерттеу «объектісінің» ортақтығына қарамастан психопатология мен патопсихологияда маңызды айырмашылық бар. Бұл айырмашылық біріншіден, патопсихология психология (клиникалық психология) тарауына кіреді, ал психопатология медицина (психиатрия) саласына жатады. Сонымен, патопсихология мен психопатология εр түрлі ғылыми пεнге жатыуымен өздеріне тεн арнайы зерттеу пεні, зерттеу εдісі жεне εр түрлі категориялық аппараттары бар.

Қандай да болмасын медицина саласындағы пәндер дерт көрінісін байланысын зерттейді. Сондықтан, психопатологияның зерттеу пәні болып психика қызметінің ахуалдары жатады, олардың пайда болу себебі, ағымы, көрінісі, емдеу, және болдырмау жолдары қарастырылады.

Патопсихология, қандайда психология саласы психика ерекшеліктерін зерттеуіне байланысты болғандықтан, ол жай ғана психиканы емес психикалық бұзылыс көрінісін қарастырады. Патопсихология пεніне толық анықтама берген Б.В.Зейгарник: «патопсихология психологиялық пεн ретінде нормадағы психика құрылымының даму заңдылықтарынан шығады. Ол психикалық іс – εрекеттін жεне тұлға қасиетін қалыптасу заңдылығы және психикалық процесстердің нормада жүруі мен бұзылу заныдылығын салыстырып, ми дың бейнелеу қызметінің қателік заңдылығын зерттейді».



Патопсихология, психика бұзылыстарын қарастыра отыра психопатологиялық құбылыстардың барлық психология салаларына жалпы категориялық аппаратты қолдана отырып, қазіргі психологиядағы ұғымдармен жікту (классификация) береді. Патопсихолог мынадай ұғымдарды қолданады: психика, іс – εрекет, қарым – қатынас, тұлға, таным ж.т.б. Психопатология тек медицина ғылымы болғандықтан этиология, патогенез, симптом, синдром ж.т.б. клиникалық ұғымдарды қолданады.

Поделитесь с Вашими друзьями:


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница