Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



Скачать 393.11 Kb.
страница12/20
Дата11.09.2018
Размер393.11 Kb.
ТипЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
80-84 балл


80-84 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға жауап беруде белсенділігі минималды болды, бұрын оқыған пәндерден алған білімінің орташа екендігін, бірақ берілген материалды жақсы меңгергенін көрсетті, негізгі және кейде қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолданады, өз көзқарасын айта алды. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және қосымша зерттеу әдістерін, дифференциалды диагностикасын толық сипаттай отырып, жүргізді, диагноз қойды, этиология және патогенез мәліметтерін қолдана отырып ем жоспарын құра білді, ауру болжамын анықтады. Жақсы клиникалық ойлау қабілеті бар. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегіне сүйене отырып, өз бетімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін қорытынды клиникалық диагноз қойып, дәлелдемелі медицина қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті басты лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістерін біледі, этика және деонтологияны сақтады, коммуникативті дағдыларын көрсете алды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, науқасқа кеңестер бере алды. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды оқытушының ескертулерін ескере отырып, уақытылы, сауатты, қатесіз толтырады.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 7-не дұрыс жауап берді.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница