Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



Скачать 393.11 Kb.
страница13/20
Дата11.09.2018
Размер393.11 Kb.
ТипЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
75-79 балл

75-79 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің орташа екендігін, бірақ берілген материалды жақсы меңгергенін көрсетті, негізгі және кейде қосымша әдебиеттерді (басқа оқулық) қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және қосымша зерттеу әдістерін, дифференциалды диагностикасын сипаттай отырып жүргізді, диагноз қойды, этиология және патогенез мәліметтерін қолдана отырып, оқытушымен бірге ем жоспарын құра білді, ауру болжамын анықтады. Жақсы клиникалық ойлау қабілеті бар. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегіне жүгіне отырып, өз бетімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін қорытынды клиникалық диагноз қойып, дәлелдемелі медицина қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады, бірақ болмашы қателіктер жіберді. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы біледі, этика және деонтологияны сақтады, коммуникативті дағдыларын көрсете алды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, науқасқа кеңестер бере алды. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды оқытушының ескертулерін ескере отырып, уақытылы, сауатты, қатесіз толтырды

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 6-не дұрыс жауап берді.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница