Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



Скачать 393.11 Kb.
страница14/20
Дата11.09.2018
Размер393.11 Kb.
ТипЖұмыс бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
70-74 балл

70-74 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға кезеңді түрде қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің орташа екендігін, берілген материалды орташа деңгейде меңгергенін көрсетті және тек негізгі әдебиеттерді қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және жартылай қосымша зерттеу әдістерін, жартылай дифференциалды диагностикасын сипаттай отырып жүргізді, диагнозды жартылай қойды, нақты емес этиология және патогенез мәліметтерін қолданды, ем жоспарын тек оқытушымен бірге құра білді, ауру болжамын анықтады. Клиникалық ойлау қабілеті әлсіз. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін өздігінен тек болжама диагноз қойды, ал корытынды клиникалық диагнозды оқытушының көмегімен қойды, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы біледі, этика және деонтологияны сақтады. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, бірақ науқасқа кеңестер бере алмады. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды қателіктермен толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 5-не дұрыс жауап берді.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница