Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



Скачать 393.11 Kb.
страница15/20
Дата11.09.2018
Размер393.11 Kb.
ТипЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
65-69 балл

65-69 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға сирек қатысты, бұл кезде бұрын оқыған пәндерден алған білімінің төмен екендігін, берілген материалды төмен деңгейде меңгергенін көрсетті және тек негізгі әдебиеттерді толық емес көлемде қолданады. Жағдайлық есептерді шешуді тек негізгі зерттеу әдістерін сипаттай отырып, дұрыс емес дифференциалды диагностикасын және диагнозын жартылай айтты, ем жоспарын тек оқытушымен бірге құра білді, бұл кезде этиология және патогенездің нақты емес мәліметтерін қолданды, ауру болжамын анықтады. Жеткілікті клиникалық ойлау қабілеті жоқ. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды оқытушының көмегімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін болжама диагноз қойды, ал корытынды клиникалық диагнозды оқытушының көмегімен қойды, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістері туралы біледі, этика және деонтологияны сақтады. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, бірақ науқасқа кеңестер бере алмады. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды қателіктермен толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың 4-не дұрыс жауап берді.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница