Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк акушерия және гинекология курсымен амсж кафедрасы



Скачать 393.11 Kb.
страница9/20
Дата11.09.2018
Размер393.11 Kb.
ТипЖұмыс бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Қорытынды бақылау: тестілеу және ОСКЭ әдісімен практикалық машықтарын бағалау


Дәстүрлі шкалаға ауыстырылған білім алушылардың оқу жетістіктері бағаларының балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

%-тік құрамы

Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

95-100

А

4,0

Өте жақсы

90-94

А-

3,67

85-89

В+

3,33

Жақсы


80-84

В

3,0

75-79

В-

2,67

70-74

С+

2,33

Қанағаттанарлық



65-69

С

2,0

60-64

С-

1,67

55-59

D+

1,33

50-54

D

1,0

0-49

F

0

Қанағаттанарлықсыз


Білімді бағалау межесі мен критерийлері


95-100

балл


95-100 балл қойылады: Оқытудың интерактивті әдістерімен жүргізілген (толық клиникалық және логикалық ойлау, әңгіме, дискуссия, дөңгелек үстел, іскер ойын) сабақтың тақырыбын талдағанда ауызша сұрауға жауап беруде өте белсенді қатысып, бұрын оқыған пәндерден алған терең білімімен материалды өте жоғары деңгейде меңгергенін көрсетті, негізгі және қосымша әдебиеттерді (монографиялар мен статьялар) кеңінен қолданады, өз көзқарасын жеңіл жеткізе біледі. Жағдайлық есептерді шешуді негізгі және қосымша зерттеу әдістерін толық сипаттай отырып, дифференциалды диагностикасын толық жүргізді, этиологиясы мен патогенезіне сүйене отырып диагноз қойды, соған сәйкес нәтижелі, ұтымды ем жоспарын тағайындады, ауру болжамын анықтады. Өте жоғары деңгейде клиникалық ойлау қабілеті бар. Өз көзқарасын дәлелдей алады, егер науқасты классикалық жолмен емдеу мүмкіндігі болмағанда, альтернативті емдеу жолын ұсына алады. Өзіндік жұмыста науқастарды қабылдауды, амбулаторлық картаны және басқа да медициналық құжаттарды толтыруды өз бетімен орындады. Науқасты қабылдағаннан кейін қорытынды клиникалық диагноз қойып, дәлелдемелі медицина қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы ем әдістерін тағайындады. Осы науқаста қолдануға болатын қазіргі заманғы альтернативті лабораторлық және функционалдық зерттеу әдістерінің барлығын біледі, этика және деонтологияны сақтады, жақсы коммуникативті дағдыларын көрсете алды. Қабылдауды өз бетімен аяқтап, науқасқа кеңестер бере алды. Амбулаторлық карта мен басқа да медициналық құжаттарды уақытылы, сауатты, қатесіз толтырды.

Тестілеу: 10 тесттік тапсырманың барлығына дұрыс жауап берді.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница