Реферат Тақырыбы :Қан құю.Қан топтары және резус-факторы,анықтау әдістері. Қан құю тарихы Орындаған: Төлеубай Тоғжан



Скачать 70.61 Kb.
Дата09.10.2019
Размер70.61 Kb.
ТипРеферат

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Жалпы хирургия мен травматология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы:Қан құю.Қан топтары және резус-факторы,анықтау әдістері.

Қан құю тарихы

Орындаған:Төлеубай Тоғжан

Топ:3-018 ЖМФ

Қабылдаған:Каюпов С.Қ

Қарағанды 2017

1881 жылы англиялық туыт дәрігері Джеймс Бланделл ауырлық күші арқылы қан құятын жабдық ойлап тауып, көп қан жоғалтқан босанып жатқан әйелге қан құйып, тарихтағы алғаш қан құю процесін сәтті орындады. Бұл қан құю технологиясы денсаулық сақтау саласында ұлы төңкеріс тудырды.

Қан құю барысы

1628 жылы Уильям Гарвей адам денесіндегі қан айналым жүйесін байқап, адамзаттың тіршілік қайнарына жаңа мән қосты. 1665 жылы англиялық анатомия-физиология маманы Ричард Лауер екі итке қан құю сынағын жасады. Ол бір иттің күре тамырының қанын жіңішке түтік арқылы қансыраған екінші бір иттің артериясына құяды. Тәжірибе аяқталғанда қансыраған ит дереу қалпына келеді де, қан берген ит жалп етіп құлап түседі. Осылайша бұл тәжірибе бүкіл әлемге тіршілік иесінің өмірін сақтап қалу үшін қан құю әдісін пайдалануға болатындығын дәлелдеді.

1668 жылғы қан құю тәжірибесі

1668 жылы франциялық бір шипагер ашушаң еркектің мінезін өзгерту үшін әлгі еркекке момақан қозының қанын құяды. Бірақ әлгі адам қиналып өледі. Сонымен Франция үкіметі мұндай тәжірибе жасауға тыйым салады. Осылайша қан құю технологиясына тәжірибе жасау 100 жыл уақытқа тоқтап қалады. 1881 жылы туыт дәрігері Джеймс Бланделл жап-жас ананың босану кезінде қанның көп кетуіне байланысты қайтыс болғанын өз көзімен көріп, бойындағы жауапкершілік сезімі оны қан беру әдісінің қажеттілігі туралы жобаны ортаға салуға итермеледі. 1881 жылы қарашада ол сары мыстан жасалынған ине құйғымен дені сау ер адамнан қан алып, босанған әйелдерге арнайы жобаланған құрылғы арқылы құйып, табысқа жетеді. Осылайша ол ауырлық күшімен қан құятын қан құю жабдығын ойлап табады. Бірақ кейін қан құю барысында он адамның төртеуі ғана аман қалып, қалғандары қиналып көз жұмған. Бұл әрине кездейсоқ құбылыс емес еді, ол қан құю техникасында әлі де жанды жалмайтын қателіктердің бар екендігін дәлелдеді. Адамзат қан тобының құпиясы ашылғаннан кейін ғана қан құю әдісі медицинаға шын мәніндегі төңкеріс алып келді.

Алғашқы адамнан адамға қан құю

1900 жылы Австрия патология маманы Карл Ландштейнер әрбір адамның күретамырынан инемен еппен бірнеше миллилитр қан алып, оны солғын сары түсті жартылай мөлдір қан сарсуы мен қызыл жасушаға бөліп, бес адамның қан сарсуын өзара алмастырып тамызу арқылы және өзінің қызыл клеткасына тамызу арқылы қан сарсуы өз қызыл жасушасына тамызғанда ұйымайтындығын, ал басқа адамның қызыл клеткасына тамызғанда кейбірі ұйып, кейбірі ұйымайтындығын байқайды. Ландштейнер бұдан әр адамның қаны ұқсас емес, яғни қан тобы ұқсамайды деген қорытындыға келеді. Осылайша, ол қанның А, В, О қатарлы үш түрлі типін табады. Кейін оның шәкірті Дикастро тағы да АВ қан тобын тауып, жиыны төрт түрлі қан тобы бар екенін байқайды. Қан тобы ұқсамайтын адамның қанын құйғанда белок пен қызыл клетканың тұнуы және ұюы арқылы қан іртіктеліп, науқас адамның жанын жалмайтын болып шықты.

Соғыс кезіндегі көмек

Карл Ландштейнернның тәжірибесі қан беру техникасына ғылыми негіз беріп, көптеген науқастың жанына араша болды. Ол адамның қан тобы жүйесін тұңғыш байқағандықтан, 1930 жылы Нобель медицина және физиология сыйлығын алды.

Қан құю тарихының даму үрдісі

Қан құю арқылы басқаларды ажалдан арашалауға болатындықтан, бүгінгі күнде қан беру құрметті іс екендігі белгілі. Адам денесінің қан жасау қызметіне зерттеу жүргізу арқылы, лайықты мөлшерде қан берудің адам денесіне зиянсыз ғана емес, тіпті пайдалы екендігі белгілі болды.

Қан Топтары

Қан Топтары – бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбал. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша «donore» – сыйлаушы), қабылдайтын адамды – реципиент (латынша «recepiens» -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (10-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.

Резус – фактор (Rh - фактор) – адам мен макака – резус маймылының қанында болатын ерекше нәруыз. Резус – фактор  деп аталу себебі бұл нәруыз алғаш рет макака – резус маймылының қанынан табылған. Егер резус- фактор. Резус – фактор ұрпақтан ұрпаққа беріледі, өмір бойы өзгермейді. Егер резус – фактор қанда болмаса – «теріс Rh», болса – «оң Rh» делінеді. Адамдардың эритроциттерінің 85 % - ында резус – фактор болады, 15%-ында резус – фактор болмайды.

Қан тобын  анықтау. 

Қалыпты Қан тобын стандартты сарысумен анықтау техникасы

Мақсаты: қан тобын анықтау.

Көрсетілімі: Ота кезінде қан құю қажеттегі, қан ауруы

Қорытынды: Маркерлі ұяшықтар тақташасы, изотоникалар, скарификатор, стерильді шариктер, 70% спирт, 2 ші нөмерлі гемоглетиндік сарысу, құм сағат, қолғап, КБУ.

Әрекеттер алгоритімі:

1. Гемоглютиндік сарысудың сапасын тексеріңіз. Сырт бейнесінен, ампула сақталуынан, қан тобы көрсетілген этикет, титр, мерзімі.

2. Науқасқа процедура мақсатын түсіндіріңіз

3. Науқасты жалпы жағдайын бақылай алатындай жатқызыңыз

4. Қолды гигиеналық дәрежеде тексеріңіз

5. Стерильді қолғап киіңіз

6. Пипеткамен қалыпты сарысуды 1 тамшыдан 2-дәрежелі тақташаға жағыңыз

7. Спиртке малынған мақта тампонымен науқастың сол қолының сұқ саусағын өңдеңіз

8. Скарификатормен екпе егіңіз, биринші тамшысын стерильді мақта тампонымен сүртіңіз

9. Әр түрлі шыны таяқша қолдана отырып қан тамшысын алыңыз

10. Тақташаның әр ұяшығына 1:10 нұсқауымен қанды сарысумен орналастырыңыз

11. Қолмен шайқай отырып, қан мен сарысуды араластырыңыз

12.Реакцияны 5 мин қадағалаңыз

13. Аглютинация болған жерге, сары сумен эритроцит физиологиялық ерітіндісінен 1 тамшы тамызыңыз

14. Нәтижені бағалаңыз.

15. Тақташаның 6 ұяшығында да аглютинация болған жағдайда

16. Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз

5.9. Цоликлон қолданып қан тобын анықтау.

Мақсаты: Қан тобын анықтау

Көрсетеілім: Ота кезінде және ота алдында қан құю қажеттілігі.

Қорытынды: анти – А және анти – В, анти – АВ цоликлон ампулалары, шыны таяқшалар, пипеткалар, тақташа, скарификатор, спирт, стерильді мақта шариктері, стерильді қолғап, сағат, КБУ.

Әрекеттер алгоритімі:

1.Сырт бейнесінен анти – А, анти – Б, анти – АБ целиклондарының сапасын тексеріңіз, ампула сақталымын, қан қан тобы көрсетілген этикетке, титра

2. Науқасқа процедура мақсатын түсіндіріңіз

3. Науқасты жалпы жағдайын бақылай алатындай жатқызыңыз

4. Қолды гигиеналық дәрежеде тексеріңіз

5. Стерильді қолғап киіңіз

6. анти – А, анти – Б, анти – АБ целиклондарың пипеткамен тақташаға үлкен тамшымен жағыныз

7. Спиртке малынған мақта тампонымен науқастың сол қолының сұқ саусағын өңдеңіз

8. Скарификатормен екпе егіңіз, биринші тамшысын стерильді мақта тампонымен сүртіңіз

9. Тексерілімдегі қан мен цоликлон тамшыларын кішкене тамшымен жағып, шыны таяқшамен араластырыңыз.

10. Тақтайшаны 3 мин шайқай отырып, реакция барысын бақылаңыз.

11. Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз

5.10. Қалыпты «экспресс әдіспен резус – факторды анықтау техникасы»

Мақсаты: Резус факторды анықтау

Көрсетілім: Ота кезінде және ота алдында қан құю қажеттілігі.

Қоры: Стерильді салфетка, стерильді қолғап 1% йодонит, мақта – марлілі тампо, бинт, антисептик ертіндісін, 2 пинцет, спирт, ауру сезімін басатын заттар, КБУ.

Әрекеттер алгоритімі:

1. Универсалды резус реогенттің сапасын сырт бейнесінен бағалаңыз, ампула сақталынып, қан тобы көрсетілген әрекетке, титр, сақталу мерзімі.

2. Науқасқа процедура мақсатын түсіндіріңіз

3. Науқасты жалпы жағдайын бақылай алатындай жатқызыңыз

4. Қолды гигиеналық дәрежеде тексеріңіз

5. Стерильді қолғап киіңіз

6. Конусты ыдысқа 2 тамшы сарысу енгізіңіз

7. Спиртке малынған мақта тампонымен науқастың сол қолының сұқ саусағын өңдеңіз

8. Пипеткамен 1 тамшы қан қосыңыз

9. 5 мин ыдысты шайқаныз

10. Нәтижені көріңіз

11. Егер аглютинация болса науқастың қаны резус-оң

12. Егер аглютинация болмаса науқастың қаны резус-теріс

13. Псевдо аглютинацияны бөлу үшін ыдысқа 2 тамшы физиологиялық ертінді қосыңыз

14. Қолғапты шешіп КБУ-ға тастаңыз

Ескерту: Жалған аглютинация профилактикасы үшін бөлме температурасы 15-25 С болу керек.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  • Оқулық Жалпы хирургия В.К. Гостищев

  • http://bilim-all.kz/jospar/648-Immunitet-qan-quyu-qan-toptary

  • http://www.myshared.ru/slide/1183937/


Поделитесь с Вашими друзьями:


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница