Тақырып: «Пиотермия қоздышы. Стафилококктар (S. aureu, S. epidermicus) стрептококктар. Микобактериялар



Скачать 476.6 Kb.
страница2/14
Дата11.06.2018
Размер476.6 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
*2*16*2*
#5

*!Дерматологтың қабылдауына 60 жастағы науқас бет терісінде ауру сезімді, іріңді бөліндімен түйіннің пайда болуына, жалпы әлсіздікке, дімкәстікке, дене температурасының 39,00 С дейін жоғарылауына шағымданып қаралды.

Анамнезінен: Ауруы 2 апта бұрын бет терісінде тығыз түйін пайда болуымен басталған. Түйінге йод тұнбасын жаққан. Жақсару байқалмаған.

Жергілікті статус: Бетінде домалақ пішінді, тығыз консистенциялы түйін. Түйіннің бетінде көптеген іріңдіктер, түйінді басқан кезде сұйық ірің тамшылары бөлінеді. Бактериоскопиялық зерттеуде СТА-да жақсы өсетін, колония айналасында айдаршық тәрізді Грам (+) кокктар анықталды.


Қоректік ортада пайда болған қоздырғыштың ең ықтимал патогенді факторы
*гемолиз

*+лецитиназа

*гиалуронидаза

*нейроминидаза

*плазмокоагулаза
#6

*!46 жастағы науқас, дерматологқа бет терісіндегі субъективті сезімдерсіз бөртпелерге шағымданып келді. 8ай бойы ауырады. Өздігінен эритромицин жақпасымен емделу тиімсіз болды.

Объективті: оң жақ бет терісінде дұрыс емес формалы, көлемі 3 см шамасында түйіндік бар. Түйіндік бұршақ пішінді, алқызыл қоңыр түсті, жеке төмпешіктерден тұрады. Төмпешіктер пальпацияда консистенциясы қамыр тәріздес, зонд және «алма желесі» симптомдары оң. Болжама диагноз « Терінің люпоидты туберкулезі»
Берілген ауруды шақыратын ең ықтимал қоздырғыш түрі
*М.leprae

*М.bovis


*М.avium

*М. fricanum

*+М.tuberculosis
#7

*!Дерматологтың кеңесіне бет аймағында төмпешіктер пайда болуына байланысты 45жастағы әйел жіберілді.Алғашқы төмпешіктер 6 жыл бұрын пайда болған.

Объективті: терідегі төмпешіктер бір бірімен қосылады,қас пен кірпіктердің түсуі байқалады, «арыстан беті» дамығаны көрінеді. Науқасқа лепра болжама диагнозы қойылды.
Диагнозды дәлелдеу үшін қойылатын терілік
*+Мицуда

*Манту


*Шик

*Дик


*Бюрн
#8

*!Дерматолог қабылдауына 48 жастағы науқас ерінінің сол жақ бұрышындағы ауыру сезімі бар қызыл түсті түзілімнің пайда болуына шағымданып қаралды. Науқасты қалтырау және дімкәстік мазалайды.

Анамнезінен. 5 күннен бері ауырады. Қырынудан соң ерінінің жоғарғы жағында іріңді төмпешік пайда болған. Науқас оны қысып тастаған. Бір тәуліктен соң ауыратын ноқат көлеміндей тығыздалу пайда болды. Екі тәуліктен соң инфильтрат ұлғайды, оның үстіндегі тері қызарды. Дене қызуы 37.4 С°. Науқасты басының ауыруы мен дімкәстік мазалайды.

Аймақтық статус. Мұрын ерін үшбұрышының терісінің сол жақ бөлігінде шие көлемінде ұлғайған, пальпация жасағанда ауыратын түйін анықталады. Түйін үстіндегі тері көкшіл-қызыл түсті. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырады. Бактериоскопиялық зерттеуде грам (+) коктар анықталады, олар СТА-да жақсы өседі.


Берілген ауруды шақыратын ең ықтимал қоздырғыш түрі
*+стафилококк

*стрептококк

*гонококк

*тетракокк

*сарцина
#9

*!Науқас М., 55 жаста, бас ауруына, қалтырауға, құсуға, бас айналуға, сол жақ бет аймағындағы күйдіру сезіміне шағымданады.

Анамнезінен: аурудың 1-ші күні дене қызуы 39,5°С, сол жақ бетінде терінің табиғи қатпар бойымен шекарасы анық гиперемияланған дақ пайда болған, зақымданған аймақтың терісі жылтыр, тығыздау, ұстағанда ыстық сезіледі. Беттің және төменгі қабақтың тері асты май қабатының айқын ісінуі байқалады, эритеманың шеті пальпацияда ауру сезімді. Аурудың 2-ші күнінде эритема фонында бірең сараң кіші көлемді іші мөлдір сұйықтыққа толған везикула , сол жақтағы жақасты лимфа түйіндері пальпацияланады. Болжамалы диагноз: «Біріншілік эритематозды буллезды тілме»
Берілген ауруды шақыратын ең ықтимал қоздырғыш түрі
*+стрептококк

*стафилококк

*тетракокк

*гонококк

*сарцина
#10

*!Дерматологтың қабылдауына 40 жастағы әйел қаралды. Балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Шағымдары бет терісіндегі бөртпелер.



Өзін 10 күннен бері аурумын деп санайды. Бетінде, мойынында босаңсыған көпіршіктер, қабықтар. Өз бетінше бөртпеге йод жаққан, әсері жоқ.

Аймақтық статус: Бет және мойын терісінде жайылған эритема фонында көптеген пустулалар, серозды-іріңді қабықтар(«балды қабықтар»), эрозиялар.Бактериоскопиялық зерттеуде қанды агарда гемолизді зона түзілуімен өсетін Грам (+) кокктар анықталды.


Берілген жағдайды тудыратын ең ықтимал қоздырғыш
*+стрептококк

*стафилококк

*тетракокк

*гонококк

*сарцина
#11

*!Дерматовенерологтың қабылдауына 40 жастағы науқас арқа, сан, жасбас терісіндегі бөртпелерге, дене қызуының 38, 8° С-қа дейін жоғарылауына, жалпы әлсіздікке, дімкәстікке шағымданып қаралды.



Өзін 3 жылдан бері аурумын деп санайды, алғашқыда арқа және кеуде терісінде дене қызуының жоғарылауымен, жалпы әлсіздікпен жүретін бірең-сараң ауру сезімді түйіндер пайда болған. Фурункул диагностикаланған, антибактериальды терапия тағайындалған. Сол уақыттан бері кезеңді түрде дене және аяқ-қол терісінде фурункулдар пайда болуы анықталған. Антибиотиктерді қабылдау уақытша әсер береді.

Жергілікті статус: Үрдіс диссеминирленген сипатта. Бөртпелер денеде және аяқ-қолда орналасқан., пальпацияда ауру сезімді, тері бетінен көтеріңкі, күрең-қызыл түсті 5 шектелген тығыз түйін. Жеке түйіндердің ортасында пустуласы бар, 2 түйіннің ортасында іріңді бөліндісі бар некротикалық өзек (стержень)айқын көрінеді.
Берілген жағдайды тудыратын ең ықтимал қоздырғыш
*+стафилококк

*стрептококк

*гонококк

*тетракокк

*сарцина
#12

!Перзентханада жаңа туылған нәрестенің өмірінің 3-ші күнінде дене және аяқ-қол терісінде шашыраңқы көпіршікті бөртпелер пайда болды. Құрамы серозды-іріңді, айналасында эритема анықталады. Алақан және табанында бөртпе жоқ. Дене қызуы 37,8° С-қа дейін жоғарылаған.


Қоздырғышты анықтаудың ең ақпаратты әдісі
*+бактериоскопиялық

*бактериологиялық

*тері-аллергиялық

*серологиялық

*биологиялық
#13

*!2 айлық балада шүйде, арқа, жамбас терісінде тығыз айқын шактелген, диаметрі 1,5 см дейін өлшемдегі, ауру сезімді көптеген түйіндер анықталды, бетіндегі терісі қызыл-көкшіл түсті. Кейбіреулері жұмсарған, ортасында флюктуация пальпацияланады. Дене қызуы 38 °С. Ауырғанына 4 күн.


Берілген жағдайды тудыратын ең ықтимал қоздырғыш
*ішек таяқшасы

*+стафилококк

*гонококк

*сарцина


*бацила
#14

*!Жаңа туылған нәрестеде туылғаннан кейін 10-шы тәулікте кенеттен дене қызуы көтерілді 39ºС-қа дейін.

Объективті: эритематозды теріде кіндік, іш, кеуде аумағында ноқат көлеміндей көптеген көпіршіктер пайда болды, негізінде инфильтрат жоқ, кей жерлерінде эпидермис шеттері жыртылған ашық -қызыл түсті ылғал эрозиялар бар.
Берілген жағдайды тудыратын ең ықтимал қоздырғыш
*S.pneumoniae

*S.epidermidis

*S.agalactiae

*S.pyogenes

*+S.aureus
#15

!Жиі ауратын, организмі әлсіреген науқаста баяу ағымдағы фурункулез пайда болды.


Берілген жағдайды тудыратын ең ықтимал қоздырғыш
*S.pneumoniae

*S.epidermidis

*S.pyogenes

*S.agalactiae

*+S.aureus
#16

*!16 жастағы жасөспіріп дерматологқа амбулаторлық қабылдауға келді, оқушы. 2 жылдан бері ауырады. Мойынның сол жақ бетінде, жақасты, сол құлақ маңы қалқанының терісінде терең орналасқан ауру сезімсіз, қызыл күлгін түсті, пішіні овальды, 3 түйін анықталды. 2 түйін абсцесстелу және фистуламен жұмсарған.Сол құлақ қалқаны маңы терісінде ішке енген тегіс емес көпір тәрізді тыртықтар. Болжама диагноз: «Скрофулодерма».


Диагнозды дәлелдеу үшін қойылатын терілік сынама
*Мицуда

*+Манту


*Бюрне

*Шик


*Дик
#17

*!58 жастағы науқаста қас пен кірпіктерінің түсуі, терісінде қызыл қоңыр түсті бір біріне қосылатын инфильтраттар, «арыстанның беті» байқалады. Мұрын қалқанынан алынған жағындыда-жіңішке, ұзын, параллель орналасқан, грам оң таяқшалар табылды. Циль Нильсен әдісімен бояғанда бұл бактериялар қызыл түске боялды.


Осы ауруды тұдыратын Mycobacterium тұқымдастарына жататын ең ықтимал қоздырғыш түрі
*М.tuberculosis

*М.fricanum

*+М.leprae

*М.avium


*М.bovis
#18

*!50 жастағы науқас, бағбан, алғаш рет 5 жыл бұрын иықта, балтырында, бетінде көптеген шартәрізді инфильтраттар пайда болуына шағымданды. Ескі инфильтраттардың орнында баяу жазылатын, ауру сезімді жаралар түзілген.Дәрігер науқаста лепраға күдіктенді.


Диагнозды дәлелдеу үшін қойылатын терілік сынама
*+Мицуда

*Бюрне


*Манту

*Шик


*Дик
#19

*!8 жастағы Ф., баланың ата анасы дерматологқа балада мойын терісінде ауру сезімсіз түйін пайда болуына байланысты қаралды. Алғаш рет түйін 1,5 ай бұрын пайда болып, медициналық көмекке жүгінбеген. Түйін біртіндеп ұлғайған, тері беті көкшіл түске енген.

Объективті: мойын терісінде көлемі орман жаңғағындай, кокшіл қызыл түсті түйін анықталды. Пальпацияда консистенциясы қамыр тәрізді, ауру сезімсіз, шеткері тінмен жабысқан. Манту сынамасы – 12 мм.
Берілген ауруды шақыратын ең ықтимал қоздырғыш түрі
*+М.tuberculosis

*М. fricanum

*М.avium

*М.leprae

*М.bovis
#20

*!Жасөспірім науқас 14 жаста, ауыл тұрғыны, емханаға бетінде көптеген іріңдіктердің пайда болуына, дене температурасының жоғарылауына шағымданып қаралды.

Объективті: бет терісінде гиперемияланған конус тәрізді пішінді айдаршықпен қоршалған, көлемі себілген дәндей көптеген пустулалар. Бактериоскопиялық зерттеуде іріңдіктің құрамында моншақ тәрізді Грам (+) кокктар анықталды.
Берілген жағдайдағы ең ықтимал қоздырғыш

*+стрептококк

*стафилококк

*гонококк

*тетракокк

*сарцина



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


База данных защищена авторским правом ©zodorov.ru 2017
обратиться к администрации

    Главная страница